Талдықорған: +35°C
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Төлегеннің соңғы өлеңі

30.07.2026
КҮНДЕРЕК
Төлегеннің соңғы өлеңі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ поэзиясының көгінде жасындай жарқ етіп, санаулы ғұмырда сан ғасырлық мұра қалдырған тұлғалар саусақпен санарлық. Солардың алдыңғы қатарында Төлеген Айбергенов тұр. Бар-жоғы отыз жылдық ғұмырында халқына мәңгілік мұра сыйлап кеткен шайырдың жырлары уақыт өткен сайын қайта жаңғырып, кейінгі буынның жүрегіне жол тауып келеді. Оның шығармаларына үңілген сайын ақынның жан дүниесін былай қойғанда, өз жүрегіңмен сырласып отырғандай күй кешесің.

1967 жылы дүниеден озған ақын қазақ жырына соны із, өзгеше өрнек әкелді. Әсіресе 16 буынды өлең құрылысына тың тыныс беріп, қазақ поэзиясының үнін жаңаша құбылтты, өзі құбылыс болды. Оның жырларын оқығанда көкте найзағай шатырлап, теңіз толқыны жағаға дүркін-дүркін соғылып жатқандай әсер қалдырады.

Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген дарын иесінің әдеби ортаға келуі де оңай болмаған тағдырдың бір тауқыметті тарауы. Дегенмен туған топырақтан алған қуат пен қазақы болмыс оның барлық шығармасынан анық аңғарылады.

Төлеген десе көпшілік бірден «Сағынышты» еске алады. Бір қауым оқырман «Бір тойым барды» жатқа оқиды. Бірі «Анасын» тебірене еске алады. «Апаларым» жүректі шымырлатса, «Ақ ерке – Ақжайық» халықтың әніне айналды. «Мені ойла», «Кегейлі», «Космонавт монологы» сынды шығармалары да қазақ поэзиясының алтын қорынан ойып орын алады.

Алайда Төлеген шығармашылығында көпшілік біле бермейтін бір ерекше дүние бар. Ол – өмірінің соңында жазылып, ақын дүниеден өткеннен кейін ғана жұрт назарына жеткен соңғы өлеңі. Бұл жөнінде Төлеген Айбергеновтің жары Үрниса Айбергенова «Үзеңгі жолдас» бағдарламасында тебірене еске алады. Оның айтуынша, Төлегеннің бақилық болғанына алғашында сене алмаған. Жаназадан кейін ғана ақынның өлеңдері салынған портфелін ашып көргенде бір өлең жатқанын байқайды. Сол сәтті еске алған Үрниса апамыз:

– Төлегенді өмірден өтеді деп ойлаған жоқпын. Қайтыс болды дегенде де сенбедім. Біраз уақыт өз-өзіме келе алмадым. Кейін оның өлең жазатын дәптерлері мен қағаздарын жинай бастадым. Портфелінің ең бірінші бетіне кейіннен жазылған бір өлеңді қойып кетіпті. Оқып шықтым да, талып қалдым. Сол қолжазбадағы жыр былай өріледі:

«Тіл байлаған бір кезде өндір едің,
Тілім-тілім жүрегім болды менің.
Қызғаныш боп кеудемде күйіп-жанып,
Кірпігімде күнәсіз мөлдіредің…
Қоштасарда болдым деп бос қалатын,
Жалбарындым жамылып аспан атын!
Қалды сенің беймаза жауырыныңнан,
Тарамдалып тал түсте қос қара түн.
…О, құдірет! Сол жалын етек алмай,
Көкірегімде көміліп кете барды-ай…
Талай бала қайыңға сүйендім мен,
Көз жасымды кірпігім көтере алмай.
Жоқ енді қанша айтқанмен ыстық құшақ,
Киік боп зымырап кеткен қызықты шақ!…
Жылдар бойы сыздаумен келесің сен,
Жүрегімде қап кеткен жүзік құсап…», – дейді.

Рас, бұл өлеңді оқыған сайын көңіл құлазып, жүрек шымырлайды. Ақын уақыттың жақындап қалғанын сезді ме, әлде өмірдің өткінші екендігін терең түйсінді ме – оған нақты жауап беру қиын. Алайда жырдың әр жолынан қоштасу мен ішкі арпалыс сезіледі.

Әдебиеттанушылардың пайымдауынша, Төлеген Айбергенов шығармашылығының басты ерекшелігі – шынайылық. Ол өмірді де, махаббатты да, сағынышты да боямасыз жырлады. Сол табиғилық ақын өлеңдерін бірнеше буынның рухани серігіне айналдырды. Сондықтан оның әрбір туындысы уақыт өткен сайын жаңа қырынан таныла береді.

Төлеген өмірден өткенде қазақ поэзиясы ауыр қазаға душар болды. Сол қайғыны мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев та ауыр қабылдап, «Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның» атты жоқтау-жырын жазды.

Өмір өзенін тоқтату ешкімнің қолынан келмейді. Әйтсе де ұлы өнер иелерінің ғұмыры шығармаларымен жалғасады. Төлеген Айбергеновтің тағдыры соның айқын дәлелі. Қамшының сабындай қысқа ғұмыры ғасырға татитын мұраға ұласты.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Төлегеннің соңғы өлеңі

Төлегеннің соңғы өлеңі

30.07.2026
Шипа ордасы жаңарады

Шипа ордасы жаңарады

30.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Қоғамдық сенім нығаяды

30.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Халық мүддесін қорғайды

30.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Ортақ жауапкершілік

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.