Полиция прокуратурамен және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын жерасты зертханасын жойды.
Бұл туралы Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жетісу облысының Ескелді ауданында «куратордың» нұсқауы бойынша әрекет ететін екі шетел азаматы заңсыз өндірісті ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген. Тінту барысында тыйым салынған заттар, 6,4 килограмнан астам «мефедрон» синтетикалық есірткісін дайындауға арналған жабдықтар, сондай-ақ есірткіні өндіруге арналған 200 литр прекурсорлар қалдығы табылды.
Шетелдіктер мен олардың Астана тұрғыны болып шыққан серіктесі ұсталып, қамауға алынды. Есірткіні таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ





