Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бір ой – екі дереккөз

02.08.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Бір ой – екі дереккөз
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде көкпен таласқан зәулім ғимараттар бой көтеріп, ғылым мен технология адамзат өркениетін жаңа белеске бастап тұр. Мұсылман қауымы мұны ақырзаманның белгілерінің бірі деп қабылдаса, ғылым оны өркениет дамуының заңды көрінісі ретінде бағалайды. Заман өзгеріп, қоғам жаңарғанымен, өзгермейтін бір құндылық бар. Ол – адамның өзін-өзі тануға, өзін жетілдіруге деген ұмтылысы.

Адам баласы өмір бойы өз болмысын танып, ішкі әлемін зерттеумен келеді. Ал өз өміріне үңілуді доғарған кезде өзгеге қызығушылық басым бола бастайды. Осы тұста психология ғылымының маңызы артады. Бұл ғылым жай ғана болжамдар мен пайымдарға сүйенбейді. Оның көптеген тұжырымы ондаған жылға созылған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде қалыптасқан.

Ғалымдардың айтуынша, әлемдік мұхиттың небәрі бес пайызы ғана зерттелген. Алайда одан да күрделі әрі жұмбақ дүние адам психологиясы. Тіл, мимика, эмоция сияқты қарым-қатынас құралдары болғанымен, адам санасының құпиясы әлі толық ашылған жоқ.

Адамның мінезі мен дүниетанымы тек жеке болмысына ғана байланысты емес. Оған отбасы тәрбиесі, әлеуметтік орта, ұлттық менталитет, өмір сүретін қоғам мен заман тікелей ықпал етеді. Сондықтан өзін-өзі тану – бір ғана ғылымның емес, тұтас қоғамның назарындағы мәселе.

Соңғы жылдары өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар миллиондаған данамен сатылып, оқырман сұранысына ие болды. Бірі табысқа жетудің жолын үйретсе, екіншісі пайдалы әдет қалыптастырудың немесе эмоцияны басқарудың қыр-сырын түсіндіреді. Алайда осы еңбектердегі көптеген идеяның Құран аяттары мен хадистерде бірнеше ғасыр бұрын-ақ айтылғанын байқауға болады. Бұл қазіргі авторлар өз ойларын Құраннан алды дегенді білдірмейді. Керісінше, олар ұзақ жылғы ізденіс пен зерттеудің нәтижесінде адамзатқа ортақ ақиқаттарға қайта келгенін аңғартады. Мәселен, америкалық жазушы әрі оқытушы Стивен Кови «Жоғары тиімді адамдардың жеті дағдысы» атты кітабында: «Егер мен өзімді өзгерте алсам, айналамдағы жағдайларға да оң әсер ете аламын», – дейді. Бұл ой Құранның «Рағд» сүресінің 11-аятындағы: «Расында, Алла бір қауымның жағдайын олар өздерін өзгертпейінше өзгертпейді» деген аятпен мазмұндас.

Ал аустралиялық жазушы Ронда Берн «Құпия» еңбегінде шүкіршілік адамның өміріне молшылық әкелетінін айтады. Құранның «Ибраһим» сүресінің 7-аятында: «Егер шүкір етсеңдер, нығметімді міндетті түрде арттырамын» делінеді. Бұл екі ойдың да түпкі мәні – адамның қолындағы барға қанағат етіп, алғыс айта білуінде.

Қазіргі қоғамда бәсекелестік күшейіп келеді. Бұл – дамудың қозғаушы күші. Алайда оның кері тұстары да бар. Кейде бәсеке көреалмаушылыққа, қызғанышқа, тіпті қастандыққа ұласады. Осындай тұста Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені білім мен тәрбиені қатар ұштастырғанда ғана толыққанды тұлға қалыптасады. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы неміс жазушысы Бодо Шефер «Қаржылық еркіндікке жол» атты кітабында: «Өзіңе жайлы аймақтан шық. Әр шешілген мәселенің орнына одан да күрделірек міндет қой», – дейді. Бұл қағида Құрандағы «Бір істі аяқтаған соң, келесі іске құлшына кіріс» («Шарх» сүресі, 7-аят) деген аятпен үндес.

Мұхтар Шахановтың:
«Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде,
Ғашық болып өлу қандай мәртебе…» – деген жыр жолдары көпшілікке махаббат тақырыбы ретінде таныс. Алайда оны адам баласының өзіне деген құрметі мен адалдығы тұрғысынан да түсінуге болады. Адам өзіне берген уәдесіне де берік болуы тиіс. Өзін құрметтеу – еркелету емес, өзін жетілдіруге бағытталған жауапкершілік. Осы ойды америкалық жазушы Джеймс Клир «Атомдық әдеттер» деген еңбегінде: «Күн сайын жасалатын шағын қадамдар ұзақ мерзімде үлкен нәтижеге жеткізеді. Ең бастысы – тұрақтылық», – деп тарқатады. Бұл қағида Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Аллаға ең сүйікті амал – аз болса да, тұрақты орындалатын амал» деген хадисімен үндеседі.

Демек, уақыт өзгергенімен, адамзат іздейтін құндылықтар өзгерген жоқ. Бұл мақалада келтірілген мысалдар соның аз ғана бөлігі. Қазіргі танымал кітаптардағы көптеген идеяның Құран аяттары мен хадистерде бұрыннан баяндалуы олардың құндылығын төмендетпейді. Керісінше, адамзатқа ортақ ақиқаттардың уақыт сынынан сүрінбей өткенін көрсетеді. Өйткені даналықтың құны оның қашан айтылғанында емес, адам өміріне қаншалықты бағыт-бағдар бере алатынында.

Айша ҚАДЫР

Қатысты жаңалықтар

Жастарға серпін берген

Жастарға серпін берген

02.08.2026
Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

02.08.2026
Қыз қадірі қай деңгейде?

Қыз қадірі қай деңгейде?

02.08.2026
Қаланың қанатты тұрғындары

Қаланың қанатты тұрғындары

02.08.2026
«Құдайдың барына қайтіп  сенемін?..»

«Құдайдың барына қайтіп сенемін?..»

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.