Синоптиктер 23 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Бүгін Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар. Облыстың оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Петропавл қ.: 23 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын.
Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Астана қаласында кей уақыттарда жаяу бұрқасын.
Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман. Түркістан қ.: 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман.
Павлодар облысының шығысында тұман . Павлодар қ.: 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман.
Күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман . Шығыстан жел соғады, облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 23 желтоқсанда кей уақытта тұман. Қонаев қ.: 23 желтоқсанда шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын . Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Қарағанды қ.: 23 желтоқсанда жаяу бұрқасын .
Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман .
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с .
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов





