Талдықорған: деректер жоқ
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Дүбірлі додалардың дауылпаздары

15.08.2026
ӘЛЕУМЕТ
Дүбірлі додалардың дауылпаздары

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Жүйріктің бағын сынар, білектінің күшін байқатар дүбірлі додада Жетісу жұртының мерейі қашанда үстем. Ат дүбірі мен балуан белдесуі қатар жүрген бағзы заманнан бүгінгі бозкілем мен Спорт сарайына дейін жеткен бұл үрдіс – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан өр рухтың көрінісі. Жер жаннаты спортшылары да сол салттан сүрінбей, ел намысын арқалап, Көк байрақты биікке көтеріп жүр.

Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін Спорт күніне орай салтанатты жиын өтті. Басқосу барысында кейінгі кезеңдегі толымды табыстар таразыланып, спорт саласына сүбелі үлес қосқан саңлақтар мен бапкерлердің еңбегі еленді.

Дүбірлі додаларда ел абыройын қорғап, жеңістің туын жықпай жүрген бірқатар өренге, жаттықтырушы мен сала маманына Туризм және спорт министрлігінің, сондай-ақ облыс әкімінің арнайы марапаттары табысталды.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов спортшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, жыл басынан бері аймақта атқарылған ауқымды жұмыстар мен толайым жетістіктерге тоқталды.

Биылдың өзінде облыста түрлі деңгейдегі 50-ден астам ірі спорттық сайыс ұйымдастырылған. Соның ішінде волейболдан «Жетісу» клубының жұлдызы жанды. Әйелдер құрамасы Қазақстан чемпионатында топ жарып, ел біріншілігінің 10 дүркін жеңімпазы атанды. Ал клуб тарихында тұңғыш рет ерлер командасы да ел чемпионы деген мәртебеге ие болып, суперкубокты қанжығасына байлады.

Ал әйелдер баскетбол құрамасы жоғары лигада қарсылас шақ келтірмей, чемпиондық тұғырға көтерілді. Шөптегі хоккей шеберлері Орталық Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Азияның элиталық біріншілігіне жолдама алды.

Аймақтың спорт тарихына алтын әріппен жазылған тағы бір жарқын есім – жас зілтемірші Снежана Қашқарова. Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында жерлесіміз «абсолютті чемпион» атанып, үш құрлықтық және үш әлемдік рекордты жаңартты. Бір спортшының осындай толағай табысы – кейінгі буынға үлгі, ел ертеңіне деген сенімге серпін.

Алда – ХХ жазғы Азия ойындары. Күзде өтетін дүбірлі додада облыстың намысын спорттың алты түрінен 12 саңлақ қорғайды. Бұл – үлкен сеніммен бірге зор жауапкершілік жүгін арқалататын сын.

Бүгінгі биіктің ар жағында жүйелі ізденіс, жаттығу залындағы тынымсыз тер, бапкердің байыпты бағыты мен спортшының темірдей тәртібі жатыр. Жыл басынан бері өңір атлеттері республикалық және халықаралық жарыстарда 800-ден астам медаль еншіледі. Жоғары жетістіктер спортының да өрісі кеңейіп келеді. Осы кезеңде 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 42 спорт шебері, 325 спорт шеберіне үміткер және бірінші спорттық разрядқа ие 95 спортшы даярланды.

Әлемдік және құрлықтық біріншіліктерде аймақ өкілдері 300-ден астам жүлделі орынға қол жеткізді. Сөйтіп, ел құрамасы сапында өнер көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.

Ал волейбол командасы сапында үшінші жыл өнер көрсетіп жүрген Ольга Хаджиогло үшін қасиетті өлке спорттық шаңыраққа айналған.

– Бұған дейін Қарағанды командасында ойнадым. Жетісуда үшінші жыл жаттығып жүрмін. Осы клубпен бірге талай белесті бағындырдық. Екі жыл бұрын барлық мүмкін болған кубоктарды жеңіп алдық. Былтыр да нәтижеміз жоғары болды. Әсіресе клубтар арасындағы Азия чемпионатындағы жеңісіміз жадымда ерекше сақталды. Өзіміз де жеткен жетістігімізге сене алмай жүрдік. Біз үнемі алдымызға асқақ мақсат қоямыз және соған жетуге талпынамыз. Ең үлкен жеңістерім әлі алда деп сенемін, – дейді жас спортшы.

Иә, жас волейболшының айтқаны бүгінгі аймақ спортының тынысын тап басқан пікір. Қол жеткен жетістік аз емес, елге танылған есім де, төрге озған команда да бар. Дегенмен тоқмейілсуге орын жоқ. Кешегі жеңіс ертеңгі меже үшін белес қана. Ал алға ұмтылған жанның алар асуы да, бағындырар биігі де мол.

Спорт күніне арналған салтанатты жиын осылайша жылдық жетістікті саралаған басқосумен қатар спортқа ғұмырын арнаған азаматтарға көрсетілген құрметпен тағылымды болды. Өйткені бүгінгі чемпионның артында кешегі аға буынның өнегесі, бапкердің мектебі, елдің сенімі тұр.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ертеңнен үмітіміз зор

Партиялардың саяси ұстанымы және қоғам талабы

15.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Тарихи жадтың жаңғыруы

15.08.2026
Дүбірлі додалардың дауылпаздары

Дүбірлі додалардың дауылпаздары

15.08.2026
Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар аймақ дамуының негізгі тірегі

Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар аймақ дамуының негізгі тірегі

14.08.2026
Болашақтың бағдары – сапалы білім

Болашақтың бағдары – сапалы білім

14.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.