Талдықорған: +28°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Талдықорғанда оңалту орталығы салынуда

15.08.2026
ӘЛЕУМЕТ, ДЕНСАУЛЫҚ
Талдықорғанда оңалту орталығы салынуда
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірде әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – Талдықорғандағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орынды оңалту орталығының құрылысы. Бұл нысан өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеретін ірі жобалардың бірі болмақшы.

Жобаның басты мақсаты – оңалту көмегіне мұқтаж азаматтарға қажетті медициналық және әлеуметтік қызметтерді өз өңірінде алуға мүмкіндік жасау. Орталықтың құрылысына Талдықорған қаласынан 5 гектар жер бөлінген. Жобаның жалпы құны 9,6 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін «AK Construction Company» ЖШС-мен 9,2 млрд. теңгеге келісімшарт жасалған. Қаржыландыру да кезең-кезеңімен қамтамасыз етіліп отыр. Атап айтқанда, 2025 жылы Ұлттық қордан 1 млрд. теңге бөлінсе, 2026 жылы республикалық бюджеттен 6,7 млрд. теңге қарастырылған.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында жұмыс қызу жүріп жатыр. Мұнда 130 адам еңбек етіп, 12 арнайы техника жұмылдырылған. Нысанды 2027 жылғы 30 наурызда пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінде оңалту қызметтерін алу үшін азаматтардың басқа өңірлерге баруына тура келетін жағдайлар кездеседі. Мұндай сапар уақытты ғана емес, отбасы үшін қосымша қаржылық шығынды да талап етеді. Ал Талдықорғанда заманауи орталықтың іске қосылуы осы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Азаматтар ұзақ жолға шықпай-ақ қажетті оңалту шараларын өз облысында алады.

Орталықтың тағы бір артықшылығы – оңалту үрдісін үздіксіз қамтамасыз ету. Денсаулықты қалпына келтіру біркүндік шара емес. Кей азаматтарға бірнеше кезеңнен тұратын жүйелі оңалту қажет. Сондықтан қажетті мамандар мен қызметтердің бір орталықта шоғырлануы ем алушы үшін де, оның жақындары үшін де тиімді. Мұндай орталықтың жұмысы тек медициналық ем-шаралармен шектелмейді. Оның негізгі мәні – адамның мүмкіндігінше белсенді өмірге қайта оралуына жағдай жасау. Оңалту барысында азаматтардың дене қимылын қалпына келтірумен қатар күнделікті өмірге бейімделуіне, өзіне деген сенімін арттыруына, қоғаммен байланысын нығайтуына мүмкіндік беріледі.

Әлеуметтік нысанның бой көтеруі жаңа жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етеді. Орталық толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде мұнда түрлі бағыттағы мамандар еңбек ететін болады. Бұл өз кезегінде оңалту саласындағы кадрлық әлеуетті күшейтіп, өңірдегі арнайы қызметтердің дамуына жол ашады.

Жобаның ауқымына қарап-ақ оның аймақ үшін маңызын аңғаруға болады. 9,6 млрд. теңгелік инвестиция – әлеуметтік инфрақұрылымға жасалған елеулі қадам. Мемлекеттік қаражаттың осындай маңызды бағытқа жұмсалуы қоғамның әлсіз топтарына көрсетілетін қолдаудың нақты нәтижеге бағытталып отырғанын көрсетеді.

Қазір құрылыс алаңында 130 адамның еңбегімен жүзеге асып жатқан жоба – болашақта халыққа қолдау көрсететін орталыққа айналмақ. Бүгінде оның қабырғасы қаланып жатса, ертең бұл жерде адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған маңызды жұмыстар атқарылады. Бір сөзбен айтқанда, құрылыс материалдарынан бой көтеріп жатқан нысанның арғы жағында талай отбасының үміті тұр. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде сапалы аяқталып, орталық өз қызметін бастаса, бұл облыстың әлеуметтік саласындағы елеулі жаңалық болары сөзсіз.

Ең бастысы, жаңа орталық оңалту көмегіне мұқтаж азаматтарға «Қажетті қызметті қайдан аламын?» деген сұрақтан гөрі «Қажетті көмекті өз өңірімнен ала аламын» деген сенім сыйлайды. Уақыт пен қаражатты үнемдеу, ем мен оңалтудың үздіксіздігін сақтау, отбасы мүшелерінің алаңын азайту – жобаның нақты әлеуметтік нәтижелері болмақ.

Бүгін құрылыс алаңында іргетасы қаланып жатқан үлкен нысанның ертең талай жанның өміріне оң өзгеріс әкелетініне сенім мол. Өйткені әлеуметтік жобаның шынайы бағасы оның көлемімен емес, адамға берген мүмкіндігімен өлшенеді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

15.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Құрылтай – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам

15.08.2026
Басты мақсат – отадан кейін отбасымен   аман қауыштыру

Басты мақсат – отадан кейін отбасымен аман қауыштыру

15.08.2026
Талдықорғанда оңалту орталығы салынуда

Талдықорғанда оңалту орталығы салынуда

15.08.2026
Ертеңнен үмітіміз зор

Партиялардың саяси ұстанымы және қоғам талабы

15.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.