Талдықорған: +39°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Бақытты бала – қуатты қоғамның негізі

16.08.2026
ӘЛЕУМЕТ
Бақытты бала – қуатты қоғамның негізі

qarmaqshy-tany.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Осы мақаламда қоғам үшін аса маңызды – отбасындағы зорлық-зомбылықтың балаларға әсері туралы айтқым келеді. Көп жағдайда біз бұл тақырыпты – әйел мәселесі, отбасы ішіндегі жанжал, ересектер арасындағы түсінбеушілік ретінде қабылдаймыз. Бірақ бір маңызды шындықты ұмытып кетеміз. Сол отбасындағы зорлық-зомбылықтың ең үлкен куәгері – бала. Ал куәгер болған бала – психологиялық тұрғыдан зардап шеккен жан.

Ең ауыр шындық – кейбір отбасында бала күн сайын айқай, жанжал естиді. Қорқынышпен өмір сүреді, анасының жылағанын көреді. Ойланайықшы, осыны көріп өскен бала қалай ержетеді?! Әрине, мұндай бала – тұйық, өзіне сенімсіз, агрессивті болады. Сөйтіп, қоғамнан алыстайды, кейде өз эмоциясын басқара алмайды. Ең қауіптісі – бала зорлықты, агрессияны қалыпты нәрсе деп қабылдай бастайды. Ертең ұл бала зорлық көрсетушіге, қыз бала зорлыққа төзушіге айналмасына кім кепіл?! Сондықтан отбасындағы зорлық бір әулеттің ғана емес, жалпы қоғамның мәселесі. Бала қай кезде өзін шын бақытты сезінеді? Үйде айғай-шусыз тыныштық болғанда. Бала – анасының көз жасын көрмесе, әкесінің дауысынан селк етпесе, түнде уайымсыз, қорықпай ұйықтаса нағыз бақыт осы емес пе? Балаға ең әуелі айқай емес – тыныштық, қорқыныш емес – қауіпсіздік, зорлық емес мейірім керек. Ата-анасының бір-біріне деген сыйластығын көріп өсуге тиіс.

Қазіргі қоғамда кей бала әкесінің анасын ұрмағанын, үйде ұрыс-жанжал болмағанын ғана қалайды. Сол ғана!..

Ата-аналармен, балалармен жұмыс істеп келе жатқаныма 30 жылдан асты. Осы өмір жолымда кездестірген шынайы көріністерден 1-2 ғана мысал келтірейінші. Жеке сөйлесіп отырғанда балалардан «не қалайсың?» деп сұраймын. Біреуі велосипед, телефон, әдемі қуыршақ қалайды. «Сенің ең үлкен арманың қандай? Таңертең оянғанда нені армандайсың», деп сұрадым 10 жасар қыз баладан. Ол – ойыншық армандаған жоқ, тәтті сұрамады, әдемі киім керек демеді. Ол тек қауіпсіз үйді, тыныш отбасы болуын қалады. «Әкем мен анам бүгін ұрыспаса екен» деген әр таңдағы арманын мұңайып отырып айтты. Бұл өте ауыр қасырет. Өзім жақсы танитын бір ұл бала мектепте үнемі төбелес шығаратын. Оны барлығы «тәрбиесіз, қиын бала» деді.

Шындығында ол күнде үйінде әкесінің анасын сабағанын көріп жүрді. Ол бала агрессияны өмірдің қалыпты тілі деп қабылдады. Әкесі мен анасы ажырасқаннан кейін есі кіріп қалған ол телевизорды жұдырығымен ұрып сындырды. Өйткені бала не көрсе, соны қайталайды. Тағы да бір кішкентай қыз кешке ұйықтар алдында: «Ертең үйде ұрыс болмаса екен. Әкем анамды боқтамаса екен» деп тілейтінін айтты. Бұл бала еститін сөз, бала көтеретін жүк пе еді?!

Өмірде мынандай да жағдайлар болады. Кейде үлкендер оған мән бермейміз. Кейбір әке жұмыстан шаршап келеді. Үйінің табалдырығын аттағанда бүкіл дүниенің ауыртпалығын арқалап келгендей қабағын түйіп кіреді. Сол сәтте үйдің іші бірден өзгеріп кетеді. Ал балалар ше? Олар әкесі келетін уақытта ойыншығын жинай бастайды, үнсіздік орнайды, «әкем ұрыспаса екен» деп іштей тығылып, қорқа күтеді. Бір қарасаң – бәрі тыныш. Бірақ сол тыныштықтың астында бала жүрегінің үрейі жатады. Мұндай балалар әкесін сағынып емес, қорқып күтеді. Ал шын мәнінде бала үшін әкенің үйге келуі мереке болуы керек емес пе?!

Егер әке жұмыстағы проблемасын сыртта қалдырып, үйге күлімдеп кірсе, жылы сөз айтса, баласының маңдайынан иіскеп құшағына тартса, сол үйдегі көңіл-күй қандай болар еді? Перзент жүрегінде қорқыныш емес, жылулық қалар еді. Сонда балалар қандай бақытқа бөленер еді?! Бұл айтып отырғаным ойдан шығарылған дүние емес. Барлығы өмірден алынған шынайы көріністер. Осындай кезде мен өзімнің бақытты балалық шағымды еске аламын. Сағынамын!

Әкем қарапайым жұмысшы еді. Бірақ біздің көзімізге ол ең мықты, ең ақылды, ең мейрімді адам болып көрінетін. Өмір оған оңай болған жоқ. Жетімдікті де, ашаршылықты да, соғыстың зардабын да басынан өткерді. Соған қарамастан 5 баланы өсірді. Оқытты, тәрбиеледі, адам қатарына қосты. Бәрі әкеміз бен анамыздың еңбегі. Жазда әкем шөп шабуға кететін. Біз оны асыға күтетінбіз. Кейде шаршап келсе де бір уыс бүлдіргенін бізге әкеліп, аузымызға салатын. Сол бүлдіргеннің дәмі әлі күнге дейін таңдайымда. Өйткені ол жай ғана бүлдірген емес еді. Ол – әкемнің мейірімі мен көңілі, әр баласына деген махаббаты еді. Біз байдың әулеті болмадық. Бірақ бақытты шаңырақта өстік. Себебі, үйде айқай емес, шынайы күлкі басым еді. Қазір ойлап қарасам, баланың есінде қымбат зат қалмайды екен. Оның жүрегінде – әкесінің мейірімі, анасының жылуы, отбасындағы тыныштық пен махаббаты қалады екен. Біз, ата-аналар комитеті балаларға түрлі мереке ұйымдастырамыз. Ойын ойнатып, сыйлық береміз.

Бірақ кей бала үшін ең үлкен сыйлық – үйдегі тыныштық. Неге біз көбіне салдармен күресеміз? Көп жағдайда оқиға болғаннан кейін әрекет етеміз, орын алған қайғылы жағдайдан кейін сөйлейміз, кеш қалған кезде дабыл қағамыз. Ал шын мәнінде, баланы қорғау – алдын алудан басталмай ма?!

Сондықтан біз ең алдымен баланың үнін естуді үйренуіміз керек. Көп бала ойын ашық айтпайды, ішіне жинайды, қорқады. Бірақ олардың мінезі, көзқарасы, тұйықталуы, қорқынышы бәрін айтып тұрады. Сол үшін мектеп пен қоғам бейжай болмауы керек. Мұғалім, психолог, көрші, туыс, мен, осы қоғамдағы бәріміз жауаптымыз. «Бұл айтылған проблемалар отбасының ішкі мәселесі» деген түсінік өзгеруі керек. Өйткені бала үнсіз қалса – оның болашағы үнсіз жараланады. Балаларға қауіпсіз орта құру керек. Оның пікір айтуға, қорықпауға, көмек сұрауға, қорғануға құқығы болуы керек. Және оны қашан, қайда, кімге айтатынын білуі тиіс
Алдымен әкелер мәдениетін көтеру керек. Мектептерде әкелер ұйымдары құрылды. Әлі де болса жан-жақты жұмыс бағытын жетілдіріп, қоғамда жауапты әке, мейірімді әке, мәдениетті ер-азамат моделі күшеюі қажет. Себебі бала әуелі әкесінен ақша емес, мейірім күтеді.

Қазіргі таңда әр ауылда Аналар кеңесі бар. Бірақ аналар тек мереке ұйымдастыру емес, отбасындағы үнсіз жылап жүрген баланы байқайтындай деңгейге жетуіміз керек. Кейде бір баланың көзіндегі қорқынышты туған анасы жасырады, бірақ қоғам байқауы тиіс. Қазақта: «Әже – отбасының жүрегі» деген сөз бар. Әжелер мектебі тек салт-дәстүр айтпай, отбасындағы мейірімді сақтайтын рухани күшке айналуы керек. Мектептердегі ата-аналар комитеті тек ақша жинайтын немесе іс-шаралар ұйымдастыруға көмектесетін жай ғана құрылым болып қалмасын. Олар баланың психологиялық жағдайына, қауіпсіздігіне, отбасындағы ахуалға назар аударатын орта болғаны жөн.

Әкелердің рөлі, әжелер тәрбиесі, қоғам жауапкершілігімен қатар отбасының жүрегі – ана екенін де ұмытпауымыз керек.

Үйдегі ана қандай болуы керек? Ана – баланың алғашқы әлемі. Перзент өмірдің қандай екенін алдымен анасының жанынан сезінеді. Бала жаны өте нәзік. Ол анасының көзіндегі мұңды да, дауысындағы шаршауды да, ішіндегі ауырлықты да байқайды.

Сондықтан ана – тек тамақ дайындайтын, үй жинайтын адам емес. Ана – үйдің жылуы, баланың тыныштығы, отбасының мейірімі.

Ал қоғам аналардан бәріне шыдауды талап етеді. «Бала үшін төз. Үндеме» дейміз. Ал іштей жылап жүрген ана бақытты бала тәрбиелей ала ма?! Ендеше қоғам ананы да қорғауы керек. Анаға қолдау, құрмет, түсіністік, қауіпсіз орта қажет. Бақытты ана – бақытты баланың негізі. Әр сәби анасының күліп жүргенін, өзін бағалайтынын, өмірге риза екенін көріп өскені дұрыс. Өйткені балаға ең үлкен тәрбие – айтылған сөз емес, үйдегі көңіл-күй. Сондықтан біз мықты қоғам құрамыз десек, ең алдымен мықты отбасын сақтауымыз керек. Ал мықты отбасы – бір-бірін қорқытатын емес, бір-бірін қорғайтын шаңырақ болғаны жөн.

Бақытты отбасы – қутты қоғамның негізі.

Дания Қыдырбаева,
облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы

Қатысты жаңалықтар

Үздік футболшы, қамқор әке

Үздік футболшы, қамқор әке

16.08.2026
Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

Ем іздеп, кәсіп ашқан жан

16.08.2026
Қиындыдан құндылық жасаған шебер

Қиындыдан құндылық жасаған шебер

16.08.2026
Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

Бір жәрмеңке – сан түрлі өнер

16.08.2026
Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

Жетісудың киносы елордалықтардың назарында

16.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.