Талдықорған: +35°C
$ 462.22
€ 536.50
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық өнерді шетелге танытқан

20.08.2026
КҮНДЕРЕК
Ұлттық өнерді шетелге танытқан
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда ұлттық нақышта ыдыс-аяқ жасап, ата-баба өнерін дәріптеп жүрген қолөнершілер әулеті бар. Олар ағаш пен басқа да табиғи бұйымдарды пайдаланып, қазақтың дәстүрлі тұрмысында қолданылған кесе, тостаған, табақ сияқты бұйымдарды заманауи үлгіде қайта жаңғыртып келеді.

Шеберлердің әр туындысында ұлттық ою-өрнек пен қазақы болмыс айқын көрінеді. Бұл әулет өз өнерін кейінгі ұрпаққа үйретіп, ұлттық қолөнердің сақталуына үлес қосып жүр. Бүгінде дарынды әулет отбасылық кәсіпті бизнес көзіне айналдырып, өз өнімдерін Қытай мен Моңғолияға да экспорттайды.

IT саласында білім алған жас кәсіпкер Өркен Сәйдібекұлының әкесі 2008 жылы тарихи Отанына оралып, осы істі бастаған болатын. Бүгінде ұлы әке жолын жалғастырып, жаңаша жандандырып келеді. 2011 жылы ашылған «Шеру» цехын дамытуға отбасының барлық мүшесі, яғни отбасылық кәсіптің негізін қалаған әкесі Сәйдібек, анасы Күлсия, жары Күлина, ағасы Ершат атсалысуда. Қазір олар ұжымымен бірге ұлттық нақыштағы ағаш ыдыстардың шамамен 10 түрін жасайды. Кәсіп иелеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша қалалық «Мансап» жұмыспен қамту орталығы да қолдау көрсеткен.

Өркен Сәйдібекұлының айтуынша, алғашында оларда небәрі 5-6 арнайы станок болған. Ол кезде ыдыстың 2-3 түрі ғана жасалып, тапсырыс та аз еді. Соған қарамастан жұмысын жалғастырып, кәсіптерін тоқтатпапты. Біртіндеп арнайы цех салып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Бұл жерде ақпараттық технологиялар саласындағы білімнің де пайдасы тиіпті. Қазір шеберханада 50-ге жуық станок бар. Соның арқасында ағашты сапалы өңдеп, өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік туған.

Шеберлер шикізатты Семей, Өскемен қалаларынан, сондай-ақ облыстың жекелеген аудандарынан алады. Негізінен қайың, тал, терек ағаштары пайдаланылады. Іріктелген шикізат төрт кезеңде өңдеуден өтіп, дайын бұйымға айналады. Бүгінде «Шеру» шеберханасының өнімдеріне тек Талдықорған қаласынан ғана емес, өзге аймақтардан да сұраныс жоғары. Әсіресе, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарынан тапсырыс көп. Соңғы уақытта Моңғолия мен Қытайдан да тапсырыс түсуде. Осылайша шетелдік тұтынушылар да тұрмыстық бұйымдар арқылы қазақ мәдениетімен танысады.

Цехта отбасы мүшелерімен бірге 15 адам тұрақты жұмыс істейді. Солардың бірі – шеберханада 6 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан бас шебер Ербосын Серікбайұлы.

– Бұған дейін тек астау жасайтынмын. Қазір шеберханамызда шығарылатын барлық ыдыс түрін жасай аламын, станоктарды меңгердім. Бір текше метр ағаштан шамамен 50 астау немесе қымызға арналған 200-300 пиала жасауға болады, – дейді шебер.

Өндірістің тағы бір мүшесі – Разия Мұсаханқызы бұйымдарға ою-өрнек салу, оларды ойып жасау жұмыстарымен айналысады.

Алдағы уақытта қолөнершілер әулеті өндірісті кеңейтіп, жаңа әрі кең шеберхана салуды жоспарлауда. Сондай-ақ Өркен сапалы әрі жеңіл ағаштан домбыра, киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасауды қолға алмақ. «Шеру» шеберханасы ұлттық дәстүрлер мен заманауи үрдістердің бір-біріне қайшы келмейтінін айқын көрсетіп отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Талдықорғанда 19 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі еңбек етеді, онда 41,4 мың адам жұмыспен қамтылған.

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Атамнан қалған аманат

Атамнан қалған аманат

20.08.2026
Мемлекет қолдауы жарқын өмір кепілі

Мемлекет қолдауы жарқын өмір кепілі

20.08.2026
Қайта жанданған кәсіпорын

Қайта жанданған кәсіпорын

20.08.2026
Жүргізушілерге қойылатын жаңа талаптар: Медициналық анықтама тәртібі түсіндірілді

Жүргізушілерге қойылатын жаңа талаптар: Медициналық анықтама тәртібі түсіндірілді

20.08.2026
Жаңа оқу жылының жаңалығы

Жаңа оқу жылының жаңалығы

20.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.