Баршаңызға белгілі, Қаратал ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқан, өзіндік орны бар өңірлердің бірі. Бүгін №133 Сайлу учаскесіне теміржолшылар келіп, өз азаматтық таңдауларын жасап, белсенділік танытуда.
Құрылтайға асыққан ерекше маман иелері өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетуде. Әрбір азаматтың дауысы – елдің ертеңіне қосқан үлесі. Сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімі белгіленген тәртіпке сай, ұйымшылдықпен өтуде.





