Талдықорған: +10°C
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Бүгін, 13:00
КҮНДЕРЕК
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қолдау көрсету және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі жаңарып жатыр. Өзгерістер жұмыссыз мәртебесін беруге дейінгі жұмыс іздеу мерзімін, Мансап орталықтарының қызметін және жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды қамтиды. Азаматтар үшін негізгі мәселе – қандай көмек көрсетілетіні, ал жұмыс берушілер үшін бағдарламаға қандай шартпен қатысуға болатыны.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қазаннан бастап жұмыс іздеушілерге қызмет көрсету тәсілдерін жетілдіруге арналған пилоттық жобаны іске асыра бастады. Оның негізгі мақсаты – көмекті әр азаматтың тәжірибесі мен қажеттілігіне қарай ұйымдастырып, нақты жұмысқа орналасуына бағыттау.

Басты өзгерістің бірі – азаматқа жұмыссыз мәртебесі берілгенге дейін лайықты жұмыс іздеу мерзімінің 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылуы. Осы уақыт ішінде Мансап орталығының мамандары жұмыс іздеушінің еңбек тәжірибесін, кәсіби дағдылары мен қажеттіліктерін анықтап, оған сәйкес бос жұмыс орындарын іріктейді және жұмыс берушілермен байланыс орнатады.

Бұл кезең азаматқа жеке кеңес алуға, ұсынылған жұмыс орындарымен танысуға, қажетті рәсімдерден өтуге және біліктілігі мен кәсіби жоспарына сай жұмыс таңдауға мүмкіндік береді. Мансап орталығына жүгіну азаматты жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдеуді қамтитын үдеріс ретінде қарастырылады. Сондықтан пилоттық жоба барысында мамандардың жұмыс іздеушінің кәсіби бейінін дұрыс анықтауына, лайықты жұмыс ұсынуына және атқарылған жұмысты ақпараттық жүйелерде нақты көрсетуіне ерекше мән беріледі.

Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемге қатысты екі мерзімді ажырата білу қажет. Пилоттық жоба кезінде төлем қолданыстағы тәртіппен жүргізіледі. Оны алуға құқығы бар азаматтар заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес төлем алу мүмкіндігін сақтайды.

Былтыр 11 маусымда бекітілген заңға сәйкес биыл 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің ең ұзақ мерзімі 3 айға дейін болады. Демек, жұмыс іздеу мерзімінің ұзаруы мен әлеуметтік төлем мерзімінің өзгеруі әртүрлі уақытта енгізіледі.

Жұмыспен қамту саласындағы екінші өзгеріс субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысты. Мұндай орындарды Мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші негізінде ашады. Бағдарламаға коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, әлеуметтік кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволары мен бағынышты ұйымдары қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері де өтініш беруге құқылы.

Барлық жұмыс берушіге ортақ талаптар бар. Олар кемінде 12 айдан бері жұмыс істеп келе жатқан болуы, банкроттық рәсімінде болмауы, экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптарын сақтауы және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша бұрын жасалған шарттарды тиісінше орындауы қажет. Сонымен қатар бір жұмыс орнының немесе бір шығынның мемлекеттік бюджеттен бірнеше бағдарлама арқылы қайталап қаржыландырылуына жол берілмеуге тиіс.

Субсидияланатын орындардың саны жұмыс берушінің санатына қарай белгіленеді. үкіметтік емес ұйымдар республикалық маңызы бар қалаларда 1-ден 10-ға дейін, ал өңірлерде 1-ден 5-ке дейін жұмыс орнын ұйымдастыра алады. Ол үшін ұйым үкіметтік емес ұйымдардың ресми дерекқорында тіркелген болуы керек.

Коммерциялық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 1-ден 5-ке дейін орын қарастырылған. Бұл санаттағы жұмыс берушілердің жалақы бойынша берешегі болмауы, соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударуы және бағдарламаның алдыңғы кезеңдеріне қатысқан азаматтарды тұрақты жұмысқа қабылдауы қажет.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын орын көзделген. Ал ауылдық әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындарға бөлек тәртіп қолданылады: жұмыс орындарының саны ауыл тұрғындарының жалпы санының 2-5 пайызы аралығында белгіленуі мүмкін.

Негізгі рәсімдер Электрондық еңбек биржасы арқылы жүргізіледі. Жұмыс берушілерді іріктеу, азаматтарды ашылған орындарға жолдау және қажетті құжаттарды тексеру электронды форматқа көшіріледі. Бұл қағаз құжат айналымын азайтып, өтініштерді қарауды жеделдетуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және шешім қабылдаудағы адами факторды шектеуге бағытталған.

Осылайша, жаңартылған тәртіптің өзегінде нақты жұмысқа орналасуға көмектесу міндеті тұр. Бұл жұмыс іздеуші үшін тәжірибесі мен дағдысына сай ұсыныс алу, өз санатына белгіленген талаптар бойынша өтініш беру мүмкіндігі. Ал қолдаудың нәтижесі азаматтың лайықты жұмысқа орналасуымен және бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуымен байланысты болмақ.

Айнұр КЕСІКБАЕВА,
Талдықорған қаласы
Мансап орталығы
филиалының маманы

Қатысты жаңалықтар

ҰБТ жүйесіне халықаралық бағалау стандарттары енгізіледі

ҰБТ жүйесіне халықаралық бағалау стандарттары енгізіледі

Бүгін, 13:45
Талдықорғанда 9 айда 19 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Талдықорғанда 9 айда 19 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Бүгін, 13:15
Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Бүгін, 13:00
Қазақстандық қос палуан U23 әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық қос палуан U23 әлем чемпионатында топ жарды

Бүгін, 12:45
Табыс – кәсіпте

Табыс – кәсіпте

Бүгін, 12:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.