Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Ескелді ауданы мен Текелі қаласының Құрметті азаматы Сәбит Биболов Текелі қаласындағы №448 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Мен осы жасқа жеткенше талай сайлауға қатыстым. Мәслихат депутаттығына кандидаттарға еліміздің дамуы, Текелі қаласының гүлденіп, көркеюі жолында еңбек етеді деген сеніммен дауыс беріп жатырмыз. Дауыс беру – әр азаматтың міндеті, азаматтық борышы, – деді қоғамның тыныс-тіршілігін қаламына арқау еткен қарымды қаламгер.
«Жетісу-Ақпарат»






