Дүйсебаевтар отбасының өнегесі – бір шаңырақ астындағы сыйластықтың, ата-ана тәрбиесінің, ұрпақтар сабақтастығының және ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Бүгінде ел болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында десек, сол ұрпақтың негізі отбасында қаланады. Дүйсебаевтар отбасы өз өмірімен осы қағиданың мәнін көрсетіп келеді. Олар отбасы құндылықтарын сақтаумен қатар, туған қаланың қоғамдық өміріне де белсенді араласып, оның дамуына өз үлестерін қосуға ұмтылады.
Елдің ертеңі мен туған қаланың болашағына бейжай қарамай, қоғамдық маңызы бар мәселелерге өз азаматтық көзқарасын білдіру – әрбір тұрғынның жауапкершілігі. Осы тұрғыдан алғанда, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – қаланың болашағын қалыптастыруға қосылған азаматтық үлестің бірі. Дүйсебаевтар шаңырағы да ел мен жердің келешегіне алаңдап, қаланың дамуына үлес қосуды азаматтық парыз деп біледі.
«Алтын шаңырақ» – тек атау емес, бұл – отбасының берекесі мен бірлігін, ата-ананың еңбегін, ұрпақтың жетістігін және ел болашағына деген азаматтық жауапкершілікті бағалайтын үлкен мәртебе. Дүйсебаевтар шаңырағы осы атауға әбден лайық.
«Жетісу-Ақпарат»






