Бүгін Алакөл ауданы Еңбекші ауылының 50-ге жуық тұрғыны Мәслихат депутаттарын сайлау күні сайлау учаскесіне бір мезетте келіп, өз таңдауларын жасады.
Ауыл тұрғындары топтасып келіп, дауыс беру науқанына белсенділік танытты. Бұл – ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамайтын азаматтардың жауапкершілігін көрсетеді.
Әрбір дауыс маңызды. Тұрғындар өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, ауданның қоғамдық-саяси өміріне атсалысты.
Осындай белсенділік – ауыл бірлігі мен ынтымағының, ортақ жауапкершіліктің көрінісі.






