Бүгін, 29 қарашада өтіп жатқан мәслихат депутаттарын сайлауға «Жер Жаннаты – Жетісу 2025» телевизиялық жобасының Гран-при иегері, танымал блогер Дәурен Берікболов қатысып, өз дауысын берді.
Блогердің айтуынша, туған өлкенің өркендеуі мен ауданның болашағы әрбір азаматтың белсенді ұстанымы мен саналы таңдауына тікелей байланысты. Ол сайлау учаскелеріндегі ұйымдастырушылық деңгей мен тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйін атап өтіп, жастар мен барша жерлестерін сайлау күнінің соңғы сағаттарында белсенділік танытуға шақырды.
«Жетісу өңірінің, соның ішінде Көксу ауданының дамуына үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Бүгін біз тек таңдау жасап қана қоймай, туған жеріміздің ертеңіне деген жауапкершілігімізді көрсетеміз. Учаскелер кешкі 20:00-ге дейін ашық, қапы қалмай, өз дауыстарыңызды беріп үлгеріңіздер», – деді Дәурен Берікболов.






