Акынбаев Жомарт Тоқтарұлы – Қаратал ауданы, Жасталап ауылының тұрғыны. Ол ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, ата кәсіпті жалғастырып келе жатқан азаматтардың бірі. Негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы.
Жомарт Тоқтарұлы 169-сайлау учаскесіне келіп, мәслихат сайлауында өз таңдауын жасаған соңғы дауыс беруші болды.
Осылайша, ол маңызды күнге үлгеріп, азаматтық борышын абыроймен орындады. Оның бұл қадамы әр азамат үшін сайлауға қатысудың маңыздылығын көрсетеді.






