Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тәуба!

15 желтоқсан 2024
КҮНДЕРЕК
Тәуба!
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуба!

Тәуба деп тәңір,

Осыған

Мың мәрте еттім құлшылық.

Тыныштық елде,

Арайлап таңым,

Арманым күн боп тұр шығып.

Шарбы бұлт көктен

Ырысын төксе,

Қуанбай қалай тұрайын

Елімнің ізгі ертеңі үшін

Бақытым келсе құлшынып.

Тәуелсіз елмін,

Тәбәрік сөзді

Тұмар қып таққан мойныма.

Тарихым терең,

Күшім бар ерен,

Тамаша неткен той мына.

Тектілік сіңген қанына әбден

Бабамнан маған қалыпты

Мекені, діні,

Наркескен тілі,

Аталы сөзі – ой-мұра.

Тәуелсіз елмін,

Қанатын қомдап,

Көз тіккен ақ бас шыңдарға.

Шыңдарда, сірә,

Қапыда қалып,

Қаланған мұз боп мұң бар ма?

Қазақтың өткен

Заңын да, зарын,

Жер соққан сәтін, жеңісін

Тарихты біл деп,

Қайталап жатыр

Бар болса құлақ тыңдарға.

Тәуелсіз елмін,

Сыр бүгіп жатыр

Қазына тұнған тау-далам.

Күмбірлеп төсі

Домбыра даусын

Жарық күндерге жалғаған.

Шежіре шертсе

Шерлі үнімен

Қорқыттың қара қобызы

Шымырлап бойы,

Тамсанып,

Бір қазақ үнсіз қалмаған.

Тәуелсіз елмін!

Көк бөрі қаны қайнайды

Менің денемде.

Талмайды қанат

Биікке тартып,

Саңқылдап сұңқар кеудемде.

Мызғымас рухы,

Қазақпын деген

Ұлым мен қызым барында,

Келмейді сенгім,

Көлеңке күнім,

Көгенде тілім дегенге.

Тәуелсіз елмін!

Көк байрағым мен Елтаңбам

Әне, тұр биік.

Әнұраным бар,

Шырқалар ылғи

Әрбір жүрекке нұр құйып.

Қаймақтай қалпын

Бұзбаған су да бір тамшы

Тыныш еліме

Кетпесе екен,

Кетпесе екен тіл тиіп.

                          Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.