Талдықорған: +8°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қоршаған ортаға жауапкершілік артуда

29 тамыз 2026
КҮНДЕРЕК
Қоршаған ортаға жауапкершілік артуда

Айша Серікқызы

WhatsAppTelegramFacebook

2026 жылғы 29 тамыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қаратал өзенінің жағалауында «Таза жағалау» акциясы өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz  ақпараттық порталы.

Бүгінгі сенбілікке 300 адам атсалысып, нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Айта кетейік, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника жұмылдырылды. Аудан тұрғындары да сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға және абаттандыруға өз үлестерін қосуда.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы аталмыш шараны Жетісу облысы бойынша Экология департаменті мен Талдықорған қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтің мәліметінше, бұл жыл басынан бері өткізілген он екінші экологиялық шара. Оның сөзінше, мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қала аумағында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле береді.

Шараға мұрындық болған Жетісу облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Азамат Тауырбековтің айтуынша, «Таза Қазақстан» бастамасы тек тазалық жұмыстарын жүргізумен шектелмейді. Оның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

–  Бұдан бөлек бастама аясында «Таза өлке», «Таза қала», «Таза ауа», «Таза ұйымдар» секілді түрлі экологиялық акциялар ұйымдастырылуда. Соның бірі –  «Таза ауа» акциясы. Шара барысында автокөліктерден шығатын зиянды заттардың мөлшері тексеріліп, қоршаған ортаға әсер ететін шығарындылардың белгіленген талаптарға сәйкестігі бақылауға алынды. Жыл басынан бері акция аясында 55 автокөлік тексерілген. Нәтижесінде 5 қоғамдық көліктен шекті рұқсат етілген шығарындылар нормасынан асу фактісі анықталған. Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты аталған көліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың жауапкершілігі.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33
Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.