Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Өмірін білімге арнаған

01.09.2026
КҮНДЕРЕК
Өмірін білімге арнаған
WhatsAppTelegramFacebook

Адамның өмір жолында еңбектің орны бөлек. Әсіресе бір саланы таңдап, сол бағытта ондаған жыл бойы қызмет ету үлкен жауапкершілік пен тұрақтылықты талап етеді. Білім саласында 42 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Саулет Асановтың кәсіби жолы осыған дәлел.

Саулет Мырзаханұлы еңбек жолын 1983 жылы Панфилов ауданының Алмалы ауылындағы Алмалы орта мектебінде тәрбиеші болып бастады. Мектеп өміріне араласа жүріп, оқушылармен жұмыс істеп, олардың тәрбиесіне көңіл бөлді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруды маңызды міндет санады.

1994 – 2011 жылдары Абай атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Осы жылдары оқушылардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыруға атсалысты. 2011 жылдан бері Ш. Байбатшаев атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарып келеді. Басшылық қызметте мектептің оқу-тәрбие жұмысына, білім сапасына және педагогтердің кәсіби дамуына басымдық берді. Оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасауға көңіл бөлді.

Мектеп басшысы үшін ұжымның жұмысы мен оқушының нәтижесі маңызды. Осы жылдар ішінде мектептің материалдық-техникалық базасы да жаңарды. 2021 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Кең әрі жарық сыныптар, заманауи пән кабинеттері, зертханалар, информатика кабинеттері, кітапхана, оқу залы, спорт залдары мен қосымша білім беру кабинеттері оқушылардың білім алуына мүмкіндік берді.

Мектептегі атқарылған жұмыстың нәтижесі оқушылардың жетістіктерінен де көрінеді. Бүгінде білім ордасының шәкірттері облыстық және республикалық деңгейдегі білім, ғылым, өнер және спорт бағытындағы түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысып жүр. Мәселен, 9-сынып оқушысы Айбар Жетпісбай облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысында «Шебер палуан» Мақтау қағазына ие болса, 9-сынып оқушысы Айгүл Қазайбек әдеби бағыттағы бірнеше байқауда жүлделі орындардан көрінді. Ол «Қуат Қайранбаев оқулары» байқауының «Ғазал ғұмыр» буктрейлер номинациясында ІІ орын, «Махамбет оқуларында» ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар «Үш айда – үш кітап» республикалық кітап оқу байқауының жеңімпазы атанып, облыстық «Мәшһүр Жүсіп оқуларында» ІІІ орын алды. Ғылыми-зерттеу саласында да мектеп оқушыларының ізденісі байқалады. 5-сынып оқушысы Аяла Жетпісбай республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінде «Айналамыздағы топырақтың біз білмейтін сырлары» атты ғылыми жобасымен жаратылыстану секциясы бойынша ІІІ орынға ие болды.

Ұзақ жылғы еңбегі Саулет Мырзаханұлының өзіне де бірқатар марапат әкелді. Ол Жетісу облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, Қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Білім саласындағы қызметімен қатар, спортқа да қызығушылық танытады. Волейболдан ұйымдастырылған турнирлерде жеңімпаз атанып, ұлттық спорт түрлерінен өткен облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Әріптестері оны талапшыл әрі әділ басшы, білікті ұйымдастырушы ретінде бағалайды. Шәкірттері де ұстазын құрмет тұтады.

Осы жылдың тамызында Саулет Мырзаханұлы зейнеткерлік жасқа толды. Бұл оның 42 жылдан астам уақытқа созылған еңбек жолындағы маңызды кезең. Осы уақыт ішінде білім саласының әр сатысында еңбек етті. Тәрбиеші болып бастап, пән мұғалімі, директордың орынбасары, кейін мектеп директоры қызметтерін атқарды. Әр қызметінде өз міндетін атқарып, мектептің дамуына үлес қосты. Еңбек жолының ұзақтығы оның мамандығына деген адалдығын көрсетеді. Ал мектептің бүгінгі жетістіктері мен шәкірттерінің нәтижелері – сол еңбектің нақты көрінісі.

Боранбай ЕРҚАЛЫМҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жарлыөзектегі жаңарған мектеп

Жарлыөзектегі жаңарған мектеп

01.09.2026
Талдықорғанда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Талдықорғанда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

01.09.2026
Елде 30,1 млн тонна мал азығы дайындалды

Елде 30,1 млн тонна мал азығы дайындалды

01.09.2026
Көксуда алимент төлемей жүрген борышкерлерге арналып бос орындар жәрмеңкесі өтті

Көксуда алимент төлемей жүрген борышкерлерге арналып бос орындар жәрмеңкесі өтті

01.09.2026
«Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша субсидиялау шарттары жаңартылды

«Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша субсидиялау шарттары жаңартылды

01.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.