«Жетісу Медиа» ШЖҚ МКК-да құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қатысуымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, оның ішінде мүдделер қақтығысының туындағаны туралы уақтылы хабарлау, сондай-ақ қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) тәртібіне қатысты талаптарды түсіндірді.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және олардың туындағаны туралы хабарлау ұсынылды.
«Жетісу-Ақпарат»





