Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Көркемсөздің Күнсаясы

03.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Көркемсөздің Күнсаясы
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан жазушы Күнсая апай туралы бір үзік сыр айтудың сәті келген сияқты. Бала күнімнен бастап апайдың әңгімелерін оқып, шығармашылығымен жақын таныс болдым. Ақиқатын айтсақ, сонау Кеңес өкіметі кезінде жас қыздардың қалам ұстап, әдебиет әлеміне жол тартуы өте сирек кездесетін еді. Сол бір санаулы нәзік жанды қаламгерлер қатарында жазушылық талантымен оқырмандарының жылы ықыласына ие болған жетісулық Күнсая Оспанова бар.

Ол кісінің сырлы сезімге толы әңгімелерін оқып, осындай дүниелер жазсам деп армандайтынмын. Ертеде қалам ұстап, шығармашылыққа талаптанған қыздардың қарасы көбірек болғанын білемін, алайда мәреге жеткендері саусақпен санарлық қана болды. Оның себебі – таудай талабы бар, талантты қыздар отбасылық әлеуметтік жағдайына байланысты шығармашылықпен айналысуға мүмкіншілігі аз болғаны белгілі.

«Жазушы – өз дәуірінің жыршысы» деген ұғым бар. Біздің Күнсая апай өзінің бойындағы жаратылыс берген талантын ұштап, сол кезде-ақ күнделікті өмірдің қарбалас құбылыстарының жүрек тынысын суреттеген көптеген шығармасын дүниеге әкелді. Әр қаламгердің өзіндік стилі мен бағыты болады. Апайдың қай әңгімесін оқысаңыз да адамның жандүниесін тербететін талай оқиғаларға қанық боласыз. Сан салалы тақырыптарға арналған шығармалардағы барлық оқиғалар өмірде болғанына ешбір күмән келтірмейсіз. Мысалы, «Қарлығаштар хикаясы» деген әңгімесін оқи отырып, құстардың тіршілігін суреттеген жазушының нәзік әлеміне тәнті боласыз. «Көзілдірікті қара», «Сағыныш», «Анамның әңгімесі», «Шырмауық», «Қос қайың» және тағы басқа дүниелерінде ауыл өмірін шынайы суреттеген. Махаббат әлемі, ана тағдыры, өмір өткелдері және тағы басқа тақырыпта жазылған шығармалары да өте қызықты.

Жас күнінен зерек, бойында жазушылық таланты бар кейіпкеріміз жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүргенде-ақ қолына қасиетті қаламын алып, «Ол кім?» деген әңгіме жазған. Бұл әңгіме сол кезде оқырмандардың сүйіп оқитын «Мәдениет және тұрмыс» журналында жарияланған. Жас қаламгердің тырнақалды туындысын оқыған жазушы Сафуан Шаймерденов автордың келешегінен үлкен үміт күтетінін білдіріп, сәт сапар тілейді. Сол уақыттан бастап жас дарын иесі Күнсаяның көптеген тартымды, тәрбиелік мәні бар әңгімелері республикалық басылымдарда жарық көріп, жұртшылыққа танымал бола бастайды.

Күнсая Оспанова 1938 жылы Ескелді ауданының Абай атындағы ұжымшарында халық ақыны Темірғали Рүстембекұлының отбасында дүниеге келген. 1947-1957 жылдары Абай, одан кейін көрші ауылдағы Молотов атындағы мектептерде оқып, үздік бітірген. 1957-1959 жылдары шопан болған. 1959-1964 жылдары Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімінде оқып, 1965-1966 жылдары республикалық «Жұлдыз» журналында, одан кейін Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде қызмет атқарған. 1980 жылдан бастап қалалық халықтық бақылау комитеті бастығының орынбасары болып, зейнетке шыққан. Бір айрықша атап өтетін мәселе осындай жауапты қызметтер атқара жүріп Күнсая апай еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап кезінде орыстанып кеткен Жетісудың көрікті, сән думанды қаласы Талдықорғанда қазақ тілінің салтанат құруына ықпал еткен адамдардың бірі.

Қалада қазақтілді балабақшалардың, мектептердің ашылуына, көшелерімізге ұлтымыздың ұлыларының есімін беруге атсалысқан. 1990 жылдан 2014 жылға дейін облыстық мұсылман әйелдері одағын және қалалық «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. Медресе ашып, қазақтың қыз-келіншектерін имандылыққа баулып, ұлтымыздың салт-дәстүрін қалыптастыруға өзіндік үлесін қосқан. Сонымен қатар оқырмандар көңілінен шыққан қаламгердің «Жүрек лүпілі», «Мың сайрамы адамның», «Жыр нөсер», «Тайғанақ кешулер», «Тағдыр иірімдері», «Аналар туралы баллада» атты кітаптары жарық көрген. «Қызғалдақтар», «Таңғы шық» атты жинақтарға бірнеше әңгімелері енгізілген. Бүгінде Күнсая Оспанова Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Күнсая Темірғалиқызы қаламын ұстай жүріп алты баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірген отанасы. Қандай отбасылық қиыншылық болсын қажымаған, талмаған, сабырлы да салмақты сырбаз мінезді аяулы ана, ақжаулықты әже болды. Осындай қазақтың аяулы қызы деген атаққа лайық, өмірі өнегелі жазушымен болған шағын сұхбатта мынандай ойларын ортаға салған еді:
«Адамгершілік дегеніміз – күн шуағындай айналаға жылылық, жүректерге қуаныш, қоғамға жайлылық сыйлайтын ұлы сезім. Ол негізінде кеңпейілді, дарқан жүректі адал жандарға тән қасиет».
«Жастарға айтарым, өмір деген аққан судай тоқтамай жылжып тез өте шығатын құбылыс. Сондықтан уақыттан ұтылып қалмаңдар. Бүгін атқаруға болатын істі ертеңге қалдырмаңдар, себебі ертеңнің өз тірлігі, тынысы бар. Еріншектікке, жалқаулыққа бой алдырмаңдар, себебі олар тірлігіңді тежейтін қырсықтың өзі. Ұмтылыңдар, ұмтылғандар ұтады. Ұмтылғандар өрге шығады. Жаратылыс берген ғұмырыңды мәнді, мағыналы өткізу өзіңе байланысты».
«Жазушылық деген Алланың берген сыйы. Жазушы тек қиялға ғана беріліп қоймайды, өмірдің шынайы суреттерін оқырманға нанымды сан түрлі бояумен ұсынатын, сөз киесін қастерлейтін адам. Ал адам әлемінің толғанысын, сүйінішін, күйінішін шығарма арқылы жеткізу табандылықтың, маңдай тердің жемісі. Менің еңбегім жеті кітап қана болып жарияланды. Аз екенін білемін. Себебі алты бала тәрбиелеп өсіріп, қырық жеті жыл бойы қызмет саласында жүрдім. Шығармашылықпен айналысуға толық мүмкіндігім болмады. Сондықтан талай жандүниемді тербеткен, оқиғасы қызықты әңгімелерімді кезінде қағаз бетіне түсіре алмай қалдым. Соған өкінемін».
«Нағыз махаббат терең толғаныстан туатын жандүниеңді баурап алатын ғажап сезім, ол әркімге бұйыра бермейді. Кейбір жастар алғашқы қызығушылықты махаббат деп түсініп, сезімдерін шыңдап алмай асығыс үйленіп, тұрмыс құрып опық жеп жатады. Әр бір жас өзінің сезімін саралай білуі тиіс. Отбасы барып қызықтап қайтатын әлем емес».
«Иә, шынайы махаббатсыз да тұрмыс құруға болады. Таласым жоқ. Бір-біріне деген сыйластық сезіммен, ортақ тіл табысып бақытты өмір сүріп жатқандар да баршылық. Қилы- қилы өмір шындығы осы».

Күнсая апайдың осындай қысқа сұхбатынан-ақ өзгеше әлемі бар жазушылық қасиетін қастерлеп өткен, өзін де, өзгені де сыйлай білетін жан екенін ұқтық. Биыл сексен сегіздің өріне шыққан жазушы Күнсая апайдың өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатыны сөзсіз. Өз заманының талабынан шығып, шығармашылықпен айналысып, талай қызметтің тізгінін ұстап, отбасының жүгін де көтерген, есімі тарихта қалатын жетісулық қыздардың бірі. Әлі күнге дейін сыры кетсе де сыны кетпей, қалам ұстаған Күнсая апай жасына жас қосылып, көненің көзі болып алдымызда аман жүре берсе екен деген игі тілек айтқымыз келеді.

Нұрила БЕКТЕМІРОВА,
жазушы
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қазақ тілінің иммунитеті

Ертеңін ойлаған ел азбайды

03.09.2026
Көркемсөздің Күнсаясы

Көркемсөздің Күнсаясы

03.09.2026
Саятшылықтың сарқытын сақтаған

Саятшылықтың сарқытын сақтаған

03.09.2026
Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

03.09.2026
АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

03.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.