Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлеуметтік саладағы серпін

03.09.2026
КҮНДЕРЕК
Әлеуметтік саладағы серпін

Айша Серікқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік қолдау белгілі бір санатқа жататын азаматтарға жәрдемақы тағайындап, қызмет көрсетумен ғана шектелмейді. Оның мәні әлдеқайда терең. Бұл – қарт адамның алаңсыз ғұмыр кешуі, көпбалалы отбасының тұрмыстық қиындықты жалғыз еңсермеуі, мүгедектігі бар азаматтың қоғам өміріне еркін араласуы, ерекше баланың болашағына сеніммен қарауы.

«Жақсылық жерде қалмайды» дейді халық. Мемлекеттің әлеуметтік салаға бағыттаған әрбір шарасының нәтижесі де осындай ізгілікпен өлшенсе керек. Бұл өлшемнің саны мен сапасының қалай ұштасып жатқаны жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Сейсембек Булебаев пен бөлім басшысы Олжас Койчибаев мәлімдеді.

«Жетісу облысында биылғы жылдың сегіз айында халықты әлеуметтік қорғау бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Бүгінде өңірде 282 мыңнан астам азамат зейнетақы мен жәрдемақы алады. Оларға ай сайын 20 млрд теңгеден астам қаражат төленеді.  Олардың арасында 98 мыңнан астам зейнеткер, 22 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар», – деп сандарды сөйлетті Сейсембек Сетайұлы.

Әрине, әлеуметтік саладағы жұмыстың нәтижесін тек төленген қаражат көлемімен өлшеу жеткіліксіз. Жылдамдық пен жайлылыққа бой үйренген бүгінгі тіршілікте азаматтың мемлекеттен қажетті көмекті қаншалықты тез әрі сапалы алатыны маңызды.

Бұл ретте салада цифрландырудың мүмкіндігі кеңейіп келетінін алға тартады департамент қызметкерлері. Медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткен азаматтардың жартысына жуығы сырттай, проактивті форматта куәландырылған. Мұндай тәсіл әсіресе денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін уақыт пен күшті үнемдеуге мүмкіндік беретіні қуантады.

Уақытты үнемдеу – жайлылық қана емес, қамқорлықтың бір түрі. Адамды қажетсіз әуре-сарсаңнан арылту да мемлекеттік қызметтің сапасын көрсететін маңызды өлшем.

Бүгінде Жетісу облысында 25 мыңнан астам мүгедектігі бар адам бар. Олардың әрқайсысына бірдей көмек қажет болғанымен, қажеттіліктің сипаты әртүрлі. Біріне медициналық көмек керек болса, екіншісіне оңалту, үшіншісіне қолжетімді орта, ал енді біріне қоғамның түсіністігі қажет.

Сондықтан қазіргі әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты – адамды тек жәрдемақымен қамту емес, оның мүмкіндігін барынша қалпына келтіруге жағдай жасау.

«Биыл сегіз айда облыста толық оңалту көрсеткіші 8,8 пайызға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Ішінара оңалту көрсеткіші де жоғарылаған», – дейді департамент басшысының міндетін атқарушы.

Мұндай нәтиженің артында медициналық ұйымның, дәрігердің, әлеуметтік қызметкердің және мемлекеттік органдардың бірлескен еңбегі тұр.

Әлеуметтік қолдаудың тағы бір маңызды қыры – кедергісіз орта қалыптастыру.

Баспалдақпен көтеріле алмайтын адам үшін пандусты оның қоғамдағы еркіндігін қамтамасыз ететін мүмкіндік деп көреміз.

Себебі қоғамның шынайы мәдениеті өзгеге қаншалықты жағдай жасағанынан көрінеді. Бұл ретте мемлекеттік мекемелер мәдениетінің аужайын Олжас Бақытханұлы былай тарқатты.

«Бүгінде облыста арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 30 ұйымның барлығы лицензияланған. Бұл ұйымдар стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету және уақытша болу форматында халыққа көмек көрсетеді.

Әлеуметтік салада бақылау жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері 28 тексеру жүргізіліп, 56 заңбұзушылық анықталған. Аталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданды».

Алайда мұндай цифрларға тек есеп ретінде қарауға болмайды. Себебі заң бұзушылықтың әрқайсысы белгілі бір азаматтың құқығына, қауіпсіздігіне немесе тұрмыс сапасына әсер етуі мүмкін.

Жалпы сандарға қарасақ Жетісудағы биылғы сегіз айдың нәтижесі әлеуметтік саланың бірнеше бағытта қатар дамып келе жатқанын көрсетеді. Десе де сан мен сананың толысуы бірдей болмайтынын тәжірбие дәлелдеп келеді. Цифрлы Қазақстан ретінде озық болсақ та, цифрға ғана байланған ел болуды мақсат тұтпағанымыз абзал. Әсіресе ол халықтың осал тобының тағдырын бағамдайтын басымдықтағы мәселе болса.

Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақ тілінің иммунитеті

Ертеңін ойлаған ел азбайды

03.09.2026
Көркемсөздің Күнсаясы

Көркемсөздің Күнсаясы

03.09.2026
Саятшылықтың сарқытын сақтаған

Саятшылықтың сарқытын сақтаған

03.09.2026
Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

03.09.2026
АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

03.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.