«Қазгидромет» синоптиктері 4 қыркүйекке Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады. Шығыс өңірлерде түнде 3 градусқа дейін үсік жүріп, кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік және батыс облыстарда шаңды дауыл соғуы мүмкін. Ал таулы аудандарда жаңбыр, найзағай және кей жерлерде бұршақ жауады.
Ақмола облысында батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында да жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік және шығыс аудандарда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар қаласында да тұман болады.
Қарағанды облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі бар. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аудандарда түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында тау бөктеріндегі аудандарда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы жерлерде жаңбыр және қар аралас жаңбыр түрінде аздаған жауын-шашын болады. Күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең таулы жерлерде тұман түседі.
Облыстың орталығында, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында да төтенше өрт қаупі бар. Іле Алатауы тауларында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысында таулы аудандарда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында да жоғары өрт қаупі бар.





