Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Су ресурстары және ирригация министрлігінің 3 жылдық қорытындысы

04.09.2026
КҮНДЕРЕК
Су ресурстары және ирригация министрлігінің 3 жылдық қорытындысы

politico.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігі соңғы үш жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың негізгі қорытындыларын ұсынды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Стратегиялық ведомство еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ресурстарды тиімді пайдалану және су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту бағытында кезең-кезеңімен жүйелі шараларды жүзеге асыруда. Негізгі міндеттер 2024-2030 жылдарға арналған Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасында және 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарда айқын белгіленген.

Жаңадан күшіне енген Су кодексі саланы басқарудың түбегейлі жаңа қағидаттарын айқындап берді. Шағын өзендер мен көлдерді қорғау талаптары күшейтіліп, жергілікті органдарға су қорғау аймақтарын белгілеу міндеттелді. Су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бас және бассейн жоспарлары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен бірге өнеркәсіптік кәсіпорындар бес жыл ішінде қайта және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріне өтуі тиіс.

Ауыл шаруашылығында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше маңыз берілді. Осы саланы қолдау үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте 228 млрд теңге қарастырылған. Бөлінген қаржы көлемі бұрынғы кезеңмен салыстырғанда төрт есе өсті. Шаруалар үшін су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалған шығындарды субсидиялау үлесі 80%-ға дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша заманауи технология қолданылатын алқаптар 543,5 мың гектарға жетіп, үнемделген су көлемі 874 млн текше метрді құрады.

Ирригация инфрақұрылымын жаңарту аясында 2024-2025 жылдары 1 458 шақырым канал реконструкциядан өтті. Қазіргі таңда 4,6 мың шақырымнан астам каналда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2026 жылы 962 шақырым канал пайдалануға беріліп, 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Каналдарды механикалық тазарту көлемі 2023 жылғы 678 шақырымнан 2025 жылы 1 840 шақырымға дейін өсті. Сонымен қатар бес су қоймасы қайта жаңартылып, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында 3 жаңа су қоймасын салу бойынша конкурстық рәсімдер өтуде. Ауыз сумен жабдықтау бойынша 22 жоба іске асырылып, 321 елді мекендегі 945 мың тұрғын сапалы суға қол жеткізді.

Трансшекаралық өзендер бойынша көршілес мемлекеттермен құқықтық база толық қалыптасты. Өзбекстанмен су нысандарын бірлесіп басқару туралы маңызды келісімге қол қойылды. Сырдариядағы су қоймаларының жұмыс режимін реттеу нәтижесінде Солтүстік Арал теңізіне судың тұрақты келуі қамтамасыз етілді. Солтүстік Аралдың су көлемі 2023 жылғы 18,4 текше шақырымнан 23,5 текше шақырымға дейін ұлғайды.

Саланың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2024-2025 жылдары 676,7 млрд теңгені құрап, 79%-ға артты. Шетелдік серіктестерден 15,9 млн АҚШ доллары көлемінде грант тартылды. Цифрландыру аясында Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп, 23 мыңнан астам су нысаны бойынша деректер цифрландырылды. Кайта құрылған «Қазгидрогеология» ұлттық қызметі 2 772 бұлақтың картасын жасап, 711 ықтимал бұлақтың орнын анықтады.

Кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында маман даярлайтын оқу орындарының саны 13 жоғары оқу орны мен 10 колледжге дейін өсті. Бірінші курсқа қабылданған студенттер саны 1 000-ға жетті. Ал «Қазсушар» РМК-дағы орташа жалақы екі еседен астам өсіп, 326 мың теңгені құрады.

– Мемлекет басшысының су саласындағы тапсырмаларын іске асыру стратегиялық және нормативтік базаны қалыптастыру кезеңінен инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуға және су ресурстарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу кезеңіне өтті. Келесі кезеңнің негізгі міндеті – жоспарлы көрсеткіштерден нақты нысандарды уақытылы аяқтауға көшу және су қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, экономика мен ел халқы үшін тұрақты практикалық нәтижеге қол жеткізу, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қатысты жаңалықтар

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

04.09.2026
Су ресурстары және ирригация министрлігінің 3 жылдық қорытындысы

Су ресурстары және ирригация министрлігінің 3 жылдық қорытындысы

04.09.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылды

04.09.2026
Талдықорғанда студенттер мен полиция «Ашық микрофон» алаңында кездесті

Талдықорғанда студенттер мен полиция «Ашық микрофон» алаңында кездесті

04.09.2026
Үсік, тұман, шаңды дауыл: 4 қыркүйекте 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Үсік, тұман, шаңды дауыл: 4 қыркүйекте 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

04.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.