Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.
Шыңғыс Әрінов туралы не белгілі?
Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, Азаматтық авиация академиясын бітірген.
2006 жылдан 2022 жылға дейін Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінде еңбек етті.
2022 жылы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі бастығының орынбасары және Президенттің қауіпсіздік қызметінің бастығы болды.
2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы тамызға дейін төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды.





