Талдықорған: +9°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

2 млн теңгеге дейін жалақы: Қазақстанда кімдерге сұраныс жоғары?

9 қыркүйек 2026
КҮНДЕРЕК
2 млн теңгеге дейін жалақы: Қазақстанда кімдерге сұраныс жоғары?

v-kurse-voronezh.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің еңбек нарығында белсенділік едәуір артып, бос жұмыс орындары мен сұранысқа ие мамандардың тізімі жаңарды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында 105 907 өзекті бос жұмыс орны тіркелген. Ал тамыз айында ұсынылған вакансиялар саны шілдемен салыстырғанда 25,8%-ға өсіп, 131,6 мыңға жетті. Сонымен қатар, жұмыс іздеушілер тарапынан 145,2 мың түйіндеме орналастырылған. Бұл көрсеткіштер ұсыныс пен сұраныс арасындағы алшақтықтың едәуір азайғанын айғақтайды.

Тамыз айында жұмыс берушілер тарапынан ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелді – 61 мың бос жұмыс орны. Мұндай басымдық жаңа оқу жылының басталуымен және білім беру ұйымдарының кадрлық құрамын жасақтау қажеттілігімен тікелей байланысты.

Одан бөлек, кадрлар тапшылығы мына салаларда байқалады:

  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

  • Өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс секторы;

  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы;

  • Қызмет көрсету бағыты.

Өңірлік деңгейде кадрларға деген ең үлкен сұраныс Астана мен Алматы қалаларына тиесілі – әр мегаполисте 10 мыңға жуық бос жұмыс орны ашық тұр. Жұмыс берушілердің 46,6%-ы жоғары білікті мамандарды іздесе, 33,1%-ы орта білікті кәсіп иелеріне басымдық береді.

Enbek.kz платформасында айына 1 млн теңгеден бастап 2 млн теңгеге дейін табыс ұсынатын вакансиялар жарияланды. Ең жоғары жалақы көрсеткіштері өндіріс пен технология саласының мамандарына тиесілі:

  • Тау-кен өндірісіндегі ауысым бастығы – 2,06 млн теңге;

  • Киберқауіпсіздік маманы – 2 млн теңгеге дейін;

  • Кеніш директоры – 1,63 млн теңге.

Бұл ретте жұмыс іздеушілердің де жалақыдан күтер үміті жоғары. Мәселен, әкімшілік бөлім басшылары 2,02 млн теңге, жаңа өнімдерді әзірлеу жобаларының жетекшілері 1,84 млн теңге, ал сату жөніндегі шеберлер 1,75 млн теңге көлемінде еңбекақы алуды көздейді.

Электрондық еңбек биржасында түйіндеме қалдырған азаматтардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар. Еңбек нарығында әйелдердің белсенділігі басым: түйіндеме орналастырғандардың 60,6%-ын әйелдер, ал 39,4%-ын ерлер құрайды.

Бұл деректер елімізде жоғары білікті әрі сандық дағдылары дамыған мамандарға деген сұраныстың қарқынды өсіп келе жатқанын дәлелдейді.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.