Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға және бауырлас тәжік халқына ел Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына байланысты арнайы құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысы өз жеделхатында көршілес елдің егемендік жылдарында жеткен елеулі табыстарын ерекше атап өтті. Мемлекеттік басқару жүйесін нығайту, әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту және халықаралық аренада ұлттық мүдделерді қорғау бағытында Тәжікстан ауқымды реформаларды жүзеге асырды.





