Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісуда Отбасы күніне арналған мерекелік апталық өтті

9 қыркүйек 2026
ӘЛЕУМЕТ
Жетісуда Отбасы күніне арналған мерекелік апталық өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда Отбасы күніне арналған мерекелік апталық жоғары деңгейде өтіп, аяқталды. Өңірдің Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында ондаған танымдық, тәрбиелік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Маңызды мереке аясында Жетісу мектептерінде, мәдениет үйлері мен кітапханаларында саналы ата-ана болу, отбасылық құндылықтарды нығайту, әкелер мектебін дамыту бағытында кездесулер ұйымдастырылды.

Саналы ата-ана болу мен ұрпақ тәрбиесі

Мерекелік апталықтың басты бағыты ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға арналды. Ескелді, Қаратал, Сарқан, Панфилов аудандарының білім беру ұйымдарында «Саналы ата-ана болу» концепциясы аясында кездесулер өтті. Онда баланың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, оны тыңдау, түсіну және ересектер арасындағы түсініспеушіліктерге араластырмау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Ақсу ауданында «Балаға айқайламай қалай тәрбие беруге болады?» тақырыбында арнайы тәрбиелік жиын ұйымдастырылды. Ма мамандар ата-аналарға баланың мінез-құлқына ашумен жауап бермей, сабыр сақтаудың, дұрыс қарым-қатынас пен шекара қалыптастырудың психологиялық тиімді тәсілдерін түсіндірді.

Әкелер институты мен аға буын өнегесі

Көксу мен Ақсу аудандарында «Әке мен бала» бағытында арнайы шаралар ұйымдастырылды. М.Құрманов атындағы орта мектеп оқушысы мен оның әкесі дайындаған бейнероликте бірлесіп құс ұясын жасау сәттері бейнеленіп, әкенің бала өміріндегі қамқорлығы дәріптелді. Ал С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектепте үлгілі Шойбековтер отбасымен кездесу өтіп, әке тәрбиесінің берік негізі жайлы сөз қозғалды.

Ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында Талдықорған қаласындағы №18 орта мектеп-лицейінде елге сыйлы ардагер Балқыбеков Серікбек ақсақалмен кездесу өтті. Шарада қария жастарға отбасындағы татулық пен сыйластықты сақтаудың өмірлік тәжірибесін айтып берді. Ал Ақсуда «Ұрпақтар диалогы» кеші ұйымдастырылып, аға буын мен жастар арасында ашық пикірлесу өтті.

Балалар шығармашылығы мен отбасылық мұрағат

Оқушылар арасында отбасы тарихын зерттеу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бойынша да көптеген конкурс ұйымдастырылды. Кербұлақ және Ақсу аудандарында «Мен және менің отбасымның тарихы» фотокөрмесі, эссе байқаулары, «Кітап оқитын ұлт – кітап оқитын әулет» шаралары мен «Отбасы бізден басталады» челлендждері өтті. Оқушылар өз әулеттерінің көне фотосуреттері мен естелік жәдігерлерін таныстырды.

Жетісу өңірінде өткен мерекелік апталық отбасы берекесі мен ұлттық тәрбиенің қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте айқындап берді.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.