Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қолжетімді баспана: Елде 105 мыңнан астам отбасы қоныстойын тойлады

16 қыркүйек 2026
ӘЛЕУМЕТ
Қолжетімді баспана: Елде 105 мыңнан астам отбасы қоныстойын тойлады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда қолжетімді тұрғын үй, мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген ипотека, Отбасы банк және жалдамалы пәтер алу тетіктері табысты жүзеге асырылып, мыңдаған отандасымыз баспаналы болу бақытына ие болуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.

Елімізде халықты сапалы баспанамен қамту ісі қарқынды дамып, мемлекеттік қолдау шаралары өз жемісін беруде. Биылғы жылы республика бойынша 20,4 млн шаршы метр баспананы, яғни 188-190 мыңға жуық жаңа пәтерді ел игілігіне тапсыру көзделген еді. Қаңтар мен тамыз айлары аралығындағы сегіз айдың қорытындысына үңілсек, меженің басым бөлігі еңсеріліп, 11,3 млн шаршы метр аумақты құрайтын 105,9 мың пәтер пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында табысы шектеулі азаматтардың баспана мәселесін шешу мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі саналатынын баса айтқан болатын.

Бүгінде қарапайым тұрғындар үшін үй алудың бірнеше қолайлы құралы қарастырылған. Соның бірі – халық арасында зор сұранысқа ие «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген заемдары. Жыл басынан бері аталған тетіктер бойынша 6,2 мың заем ресімделді. Ал ел арасында үлкен серпіліс тудырған «Наурыз» ипотекасы арқылы 350 млрд теңге көлемінде 11,9 мың несие үлестірілді. Пәтер жалдап күнелтіп жүрген 11,2 мың шаңыраққа жалдау ақысын субсидиялау мүмкіндігі ұсынылып, отбасылық бюджетке түсетін салмақ едәуір жеңілдеді. Сонымен қатар жыл басынан бері мұқтаж жандарға 12 653 жалдамалы баспана табысталды. Бұрын сатып алу құқығынсыз берілген үйлерді жекешелендіру бастамасы да оң нәтиже беріп, сегіз айда 6,8 мың отбасы өз үйінің толыққанды қожайынына атанды.

Аталған реформаларды ілгерілетуде «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ шешуші рөл атқарады. Ұйым өңірлердегі инженерлік инфрақұрылымды қаржыландырып, сатып алу құқығымен жалға берілетін шаршы метрлер санын арттыруға тікелей жауапты. Компания басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков өз сөзінде:

«Бүгінде Қазақстан Тұрғын үй компаниясы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін бірден бірнеше құралды пайдаланады. Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспананы ұсыну ғана емес, жергілікті атқарушы органдар арқылы өңірлердегі құрылыс жобаларын қаржыландыру да маңызды бағыт. Біздің міндетіміз – қолжетімді баспана ұсынысын кеңейтіп, аймақтарда оның құрылысы мен пайдалануға берілуіне толық жағдай жасау», – деп атап көрсетті.

Тұрғындар үшін тағы бір үлкен жеңілдік кезекке тұрудың ашықтығымен байланысты. 2025 жылдың мамырынан бастап кезекті тіркеу және үй бөлу функциясы әкімдіктерден Отбасы банк құзырына берілді. Бұл қадам сыбайлас жемқорлық қаупін жойып, әділдікті қамтамасыз етуге жол ашты. Биылғы қыркүйектен бастап ауылдық елді мекендерде баспана үлестірудің жаңа тетіктері қолданысқа еніп, отбасы мүшелерінің санына қарай тиісті бөлмелер қарастырылатын болды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұл қолдау шаралары азаматтардың өз шаңырағына еркін қол жеткізуіне нақты кепілдік береді.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.