Талдықорған: +27°C
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Таза Қазақстан – таза ойдан басталады

18.09.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Таза Қазақстан – таза ойдан басталады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы Мектеп парламенті – өзін-өзі басқару ұйымының зияткерлік бағыты бойынша 5 590 оқушыны қамтитын «IQ START» интеллектуалдық маусымы өз жұмысын бастады. Интеллектуалдық маусымның негізгі мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттыру, сыни және креативті ойлау қабілеттерін дамыту, еркін пікір алмасу мәдениетін қалыптастырумен қатар, жас ұрпақ арасында экологиялық жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті нығайту.

2026 жылғы 18 қыркүйекте «IQ START» маусымының ашылуы өткізіліп, зияткерлік бағыттың белсенділері бас қосып, «Таза Қазақстан» және «Адами капитал» тақырыптарын өзара сабақтастықта талқылады. Кездесудің басты идеясы – таза әрі жауапты қоғам қалыптастыру ең алдымен саналы, білімді және белсенді азаматтан басталатынын оқушыларға түсіндіру.

Іс-шара барысында «Таза Қазақстан: табиғатқа жауапкершілік – болашаққа инвестиция» тақырыбы аясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, тазалық мәдениетін қалыптастыру және туған өлкені аялаудағы жастардың рөлі сөз болды. Оқушылар «Таза Қазақстан» идеясын тек тазалық акцияларымен шектелмейтін, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс ортақ құндылық ретінде қарастырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы жеке жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, «Адами капитал: білімді ұрпақ – мықты елдің негізі» тақырыбында оқушылардың білімге ұмтылысы, өзін-өзі дамытуы, ерік-жігері, көшбасшылық қасиеттері және қоғам өміріне белсенді араласуы талқыланды. Осы ретте жас ұрпақтың интеллектуалдық дамуы мен экологиялық мәдениетінің қалыптасуы бір-бірімен тығыз байланысты екені айқындалды. Себебі туған жердің табиғатын қорғауға жауапкершілікпен қарайтын, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын азамат – елдің адами капиталының маңызды бөлігі.

Интеллектуалдық маусымның ашылуы дебат жетекшісімен өткен ашық пікірталаспен жалғасты. Пікірталас барысында оқушылар өз көзқарастарын ортаға салып, дәлел келтіру, қарсы пікірді тыңдау, мәселені талдау және шешу жолдарын ұсыну дағдыларын жетілдірді. Мұндай формат оқушылардың тек білімін толықтырып қана қоймай, олардың ерік-жігерін шыңдап, өз ойын батыл жеткізуіне және азаматтық ұстанымын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

«IQ START» интеллектуалдық маусымы – Жетісу облысындағы Мектеп парламенті – өзін-өзі басқару ұйымының зияткерлік бағытына қатысатын 5 590 оқушыны ортақ идея төңірегіне біріктіретін маңызды алаң. Маусым аясында оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, өзекті қоғамдық және экологиялық мәселелер бойынша пікір алмасуына бағытталған жұмыстар жалғасын табатын болады.

Сажида Зиятай,
Жетісу облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және
қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының өзін-өзі басқару бөлімінің бөлім жетекшісі

Қатысты жаңалықтар

Республикалық топ Жетісу тұрғындарымен кездесті

Республикалық топ Жетісу тұрғындарымен кездесті

18.09.2026
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясының отырысы өтті

Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясының отырысы өтті

18.09.2026
Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

Қазақстан World Cleanup Day акциясына қосылады

18.09.2026
Әлемуеттік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеген

Әлемуеттік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеген

18.09.2026
Таза Қазақстан – таза ойдан басталады

Таза Қазақстан – таза ойдан басталады

18.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.