Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен 14-18 қыркүйекте республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті.
Іс-сапардың мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу. Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 800-ден астам адам қамтылды.
Осы орайда, 14 қыркүйек күні Талдықорған қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілі, дінтанушы Адия Романова жүргізді. Атап айтқанда, «Жетісу» университетінде жастармен, Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектепте кәмелетке толмаған оқушылармен, облыс әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлермен және мәдениет қызметкерлерімен кездесу өтті.
Осы сынды шаралар, қоғамдағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, зайырлылық қағидаттарын түсіндіруге және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, халық арасында дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттап, жастардың діни мәселелерге қатысты сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға және жалған діни ақпараттарға қарсы иммунитетін күшейтуге ықпал етеді.
Кездесу барысында тренинг өткізіліп, қатысушыларға діни сауаттылықты арттыру, радикалды діни идеологиялардың таралуына жол бермеу, олардың ара-жігін ажырата білу және интернет кеңістігіндегі діни ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, діни саладағы өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріліп, білімдерін жетілдіруге, деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған практикалық тапсырмалар мен пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарын қамту арқылы діни сауаттылықты арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және өңірдегі тұрақты діни ахуалды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
А. Джумасилова,
Жетісу облысы Дін істері басқармасы ММ
«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы»
КММ-нің директорының орынбасары





