Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дүйсенбинов Айдын Қасымұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дүйсенбинов Айдын Қасымұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ДҮЙСЕНБИНОВ АЙДЫН ҚАСЫМҰЛЫ. Бірмандатты сайлау округі № 5.

«Әділетті қоғам. Дамыған ауыл. Берекелі өмір!»

 Құрметті сайлаушылар!

БАСТЫ МАҚСАТЫМ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУ

Мен, Дүйсенбинов Айдын Қасымұлы, ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибесі бар кәсіпкер, Ескелді аудандық мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты ретінде елді мекендердің дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды маңызды міндетім деп санаймын.

Еңбек жолым ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға, туған өлкемнің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға арналды. Осы жылдар ішінде жинақтаған тәжірибем мен білімімді ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге, олардың бастамаларын қолдауға және ауданның дамуына бағытталған жұмыстарға жұмсауға дайынмын.

Алдағы уақытта да тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, ауыл шаруашылығын қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларға басымдық беремін.

Осы мақсатта өз жұмысымда төмендегі басым бағыттарға ерекше назар аударамын.

Құрметпен Дүйсенбинов Айдын Қасымұлы

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Бақтыбай, Елтай және Өтенай ауылдарындағы жолдардың жағдайын жақсартуға, ауылішілік көшелерді жөндеуге ықпал ету. Жолдардың нормативтік жағдайға келтірілуін бақылау. Даму картасында Ескелді ауданы бойынша жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 2026 жылғы 64%-дан 2031 жылы 69%-ға жеткізу көзделген.

2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Бақтыбай ауылында газ құбырын тарту және газ тарату желілерін салу – 27 км, 300,317 млн теңге. Елтай мен Өтенай ауылдарындағы ауызсу, электр және газбен қамту мәселелерін зерделеп, қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарды жоспарға енгізуге ықпал ету.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ

«Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктерін ауыл тұрғындарына барынша қолжетімді етуге ықпал етемін.
• Жеңілдетілген несие алуға тұрғындарға қолдау көрсету;
• Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын дамытуға ықпал ету;
• Отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Шаруа қожалықтарына су үнемдеу технологияларын енгізуге қолдау көрсету. Суармалы жерлердің тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ықпал ету.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бағдарламаларына тарту. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту арқылы жаңа мамандық меңгеруге жағдай жасау.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Елтай ауылында ауысымына 25 адам қабылдайтын инвазивті емес диагностика орталығын ашуға ылпал етемін. Бақтыбай және Өтенай ауылдарындағы медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, қажетті мамандармен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. 2029–2030 жылдарға дейін Бақтыбай ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етемін

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

2028 жылға дейін Елтай ауылындағы Сейфуллин атындағы орта мектепті орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосуға ықпал етемін. 2029 жылға дейін Бақтыбай ауылындағы Бақтыбай атындағы орта мектепті орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосуға ықпал етемін.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ

Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға қолдау көрсету шараларының қолжетімділігін арттыру. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғам өміріне араласуына және жұмыспен қамтылуына жағдай жасау. Отбасыларды қолдау қызметтерінің тиімділігін арттыруға ықпал ету.

9. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Ауыл көшелерін, қоғамдық орындар мен ортақ пайдаланылатын аумақтарды таза ұстау. Қоқыс шығару, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру мәселелерін шешуге ықпал ету. Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және тазалық жұмыстарына белсенді қатысуын қолдау.

 

Мен үшін депутаттық қызмет – халық сенімі мен үлкен жауапкершілік. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласындағы тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге үлес қосуды мақсат етемін. Ауылдарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жастарға мүмкіндік ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – басты міндеттерім. Менің ұстанымым – халықпен бірге болып, ел мүддесіне адал қызмет ету және туған жердің дамуына үлес қосу.

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 Өлкеміздің басты байлығы – еңбекқор халқы. Әрбір тұрғын лайықты өмір сүруге, сапалы қызмет алуға және болашаққа сеніммен қарауға лайық.

«ӘДІЛЕТ» партиясынан №5 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және олардың шешілуіне ықпал ету.

Жұмысымның негізгі қағидаттары – әділдік, ашықтық және жауапкершілік. Әр ауылдың дамуы мен әр тұрғынның әл-ауқаты мен үшін маңызды.

Бірлесе отырып, округіміздің өмір сүруге қолайлы әрі дамыған өңірге айналуына үлес қосайық!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

 Әділдік – баршаға ортақ. Әр тұрғынның пікірі ескеріліп, ешбір ауыл мен      азамат назардан тыс қалмауы тиіс.

Халық үні – басты назарда. Тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдап қана қоймай, олардың шешілуіне нақты ықпал ету.

Еңбек пен бастамаға құрмет. Ауылдың дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына, кәсіпкерлерге және белсенді азаматтарға қолдау көрсету.

Болашаққа инвестиция – жастарға мүмкіндік. Жастардың білім алып, еңбек етіп, туған жерінде өз орнын табуына жағдай жасауға атсалысу.

Сенім – жауапкершілік. Әрбір өтінішке мұқият қарап, атқарылған жұмыс пен қабылданған шешімдер туралы ашық есеп беру.

                                  

                                     Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

 

          Тапсырыс беруші: Дүйсенбинов Айдын Қасымұлы

           Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.