Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №33-202 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
2026 жылғы облыстық бюджетті нақтылау жалпы сомасы 11,7 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен жүзеге асырылады.
Оның ішінде 6,9 млрд теңге «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Қаражат Ескелді ауданындағы Ақтасты ауылында сумен жабдықтау жүйесін дамытуға, Талдықорған қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін автоматтандыруға, сондай-ақ Текелі қаласында сумен жабдықтаудың екі жобасын іске асыруға және магистральдық кәріз желілерін реконструкциялауға жұмсалады.
Жобаларды іске асыру шеңберінде 89 шақырым инженерлік желіні, оның ішінде 81 шақырым сумен жабдықтау және 8 шақырым су бұру желілерін реконструкциялау, сондай-ақ 1 345 есепке алу құралын орнату көзделген.
Сонымен қатар, әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 4,8 млрд теңге көлемінде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару бекітілді. Бұл қаражат нарықтық шарттарда 10 жыл мерзімге 1 252 жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға бағытталады.
Сонымен бірге, Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы №7-44 шешімінің күші жойылды деп танылды. Аталған шешімнің күшін жою тұрғын үй сертификаттарын беру саласындағы нормативтік құқықтық базаны қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, жаңа құқықтық акт қабылданды.
Бұдан бөлек, «Жетісу облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларының жаңадан қабылдануына байланысты, Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы №10-26 шешімінің күші жойылды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселелер — «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамы, сондай-ақ Жетісу облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жаңа құрамы бекітілді.
Сессия қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.





