Талдықорған: +29°C
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ақсу алқабында қызу еңбек

19.09.2026
КҮНДЕРЕК
Ақсу алқабында қызу еңбек
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданында биылғы егін жинау науқаны қызу қарқынмен жүргізілуде. Қыркүйектің қоңыр салқыны сезіле бастағанымен диқан қауымының даладағы жұмысы әлі де саябырсыған жоқ. Керісінше, күннің әр сәтін тиімді пайдаланып, піскен өнімді ысырапсыз жинап алу — шаруалар үшін басты міндет. Өйткені жыл бойы маңдай термен атқарылған еңбектің нәтижесі дәл осы науқан кезінде таразыға түседі. 

Биыл жинауға жататын 30368,6 егіс алқабының гектар 24158,6 гектары жиналып, жоспардың 79,6 пайызы орындалды. Жиналған алқаптардан 49 944,2 тонна өнім алынған. Орташа өнімділік гектарына 31,6 центнерден айналып отыр.

Бұл – дала еңбегінің нақты нәтижесі. Әр гектардың өнімі – шаруаның көктемгі егістен бастап күзгі ораққа дейінгі еңбегінің көрінісі. Тұқымның сапасы, жердің құнарлылығы, ауа райы, агротехникалық шаралардың уақытылы орындалуы, техниканың дайындығы – бәрі астық қамбасына түсетін өнім көлеміне әсер етеді.

Ауданда дәнді дақылдарды жинау жұмыстары негізінен толық аяқталды. Еңбеккерлер үшін бұл – науканның ең жауапты кезеңдерінің бірін артқа қалдырғанын білдіреді. Күздік бидайдың 7025 гектары толық жиналып, 14 471,5 тонна өнім алынды. Оның орташа өнімділігі гектарына 20,6 центнерді кұрады. Жаздық бидай бойынша да жұмыстар толық аяқталып, 4 885,6 гектар алқаптан 9 673,5 тонна астық жиналды. Өнімділік – 19,8 центнер. Ал арпа алқабының көлемі айтарлықтай. Биыл 12 046 гектар арпа орылып, одан 24 573,8 тонна өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 20,4 центнерден келді. Сондай-ақ 62 гектар сұлы толық жиналып, 105,4 тонна өнім бастырылды. Бұл дақылдың өнімділігі 17 центнерді құрады. Осылайша, дәнді дақылдар бойынша негізгі жұмыс аяқталып, ендігі күш басқа дақылдарды жинауға бағытталып отыр. Ал дала төсінде қазір техниканың бір бөлігі жүгері, майлы дақылдар мен өзге де егістіктерге ауысуда. Жүгері алқабындағы жұмыс енді басталды.

Ақсу өңірінің ауыл шаруашылығында жүгерінің өзіндік орны бар. Биыл бұл дақыл 6 350 гектар алқапқа орналастырылған.

Қазіргі таңда жүгері жинау жұмыстары басталып, 140 гектар алқаптың өнімі жиналды. Бұл – жоспардың 2,2 пайызы. Әзірге 1 120 тонна өнім алынған. Орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құрап отыр.

Жүгері – өнімділігі жоғары болғанымен жинау кезінде техниканың үйлесімді жұмысын талап ететін дақыл. Сондықтан комбайндардың үздіксіз жұмыс істеуі, тасымал көліктерінің дер кезінде қамтамасыз етілуі және жиналған өнімді уақытылы қабылдау орындарына жеткізу маңызды. Алда жүгері алқабындағы жұмыстың негізгі бөлігі тұр. Осы кезеңде шаруашылықтардың техникалық мүмкіндігі мен жұмыс күшін тиімді ұйымдастыруы шешуші рөл атқарады. Майлы дақылдарды жинау жұмыстары да жалғасуда. Ауданда бұл бағыт бойынша жоспарланған 13 407 гектар алкаптың 560 гектары жиналды. Бұл – жалпы жоспардың 5,5 пайызы. Жиналған алкаптан 1316 тонна өнім алынып, орташа өнімділік гектарына 23,5 центнерді құрады. Оның ішінде майбұршақтың 560 гектары жиналып, 1 316 тонна өнім бастырылды. Алда майлы дакылдардың негізгі бөлігін жинау міндеті тұр. Оның қатарында күнбағыс пен мақсары да бар. Сондықтан алдағы күндері бұл бағыттағы жұмыстардың карқынын күшейту қажет.

Ауданда егін жинау тек дәнді дақылдармен шектелмейді. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарын жинау жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Картоп жинау бойынша жоспарланған 500,8 гектардың 380 гектары жиналып, жұмыс көлемінің 75,9 пайызы орындалды. Жиналған алқаптардан 8759 тонна картоп алынды. Өнімділік гектарына 230,5 центнерді құрады. Көкөніс дақылдарының да көрсеткіші көңіл көншітерлік. Жоспарланған 217,6 гектардың 186,4 гектары жиналып, 85,7 пайыздық межеге кол жеткізілді. Барлығы 5 416,8 тонна көкөніс өнімі алынды. Орташа өнімділік гектарына 290,6 центнерді құрады. Ал бақша дақылдарын жинау жұмыстары толық аяқталды. Жоспарланған 219,4 гектардың барлығы 100 пайыз жиналып, 4 486,7 тонна өнім алынды. Бұл бағыттағы орташа өнімділік гектарына 204,5 центнерді құрады. Бақша өнімінің толық жиналуы – шаруалар үшін науқанның тағы бір маңызды кезеңінің аяқталғанын көрсетеді. Ендігі міндет – жиналған өнімді дұрыс сақтап, тұтынушыға сапалы күйінде жеткізу.

P.S. Қазір егін жинау науқанының негізгі бөлігі орындалғанымен жұмыстың жауапты кезеңі әлі аяқталған жоқ. Әсіресе жүгері, майлы дақылдар, күнбағыс, мақсары және қант қызылшасын жинау жұмыстары алда. Бұл ретте уақытты тиімді пайдалану аса маңызды. Күздің ауа райы құбылмалы келетіні белгілі. Сондықтан әрбір ашық күнді ұтымды пайдаланып, піскен алқаптарды дер кезінде жинап алу қажет.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Күздік бидай себілді

Күздік бидай себілді

19.09.2026
Ақсу алқабында қызу еңбек

Ақсу алқабында қызу еңбек

19.09.2026
Қаратал пиязы – ресей нарығында

Қаратал пиязы – ресей нарығында

19.09.2026
Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне орай облыстық сенбілік өтті

Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне орай облыстық сенбілік өтті

19.09.2026
«Екіашаға» ауызсу жетті

«Екіашаға» ауызсу жетті

19.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.