Талдықорған: +16°C
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

«Беймаза өмір» бейнесі

20.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Беймаза өмір» бейнесі
WhatsAppTelegramFacebook

Суретті арқасынан да, шалқасынан да, сүйірінен де, бүйірінен де, кейде көріп те, кейде төніп те түсіретін фототілшілер бар. Көпшілік көре бермейтін қалтарысты қапысыз қағып, көзге ілінбейтін құбылыстың өзін кадрға сыйғызатын мұндай жандардың табиғаты бөлек. Сондай сирек саңлақтың бірі – белгілі фототілші Жеңіс Ысқабай. 

Бірнеше мәрте жеке фотокөрмесі өтіп, талай тарихи сәтті таспаға басқан Жеңіс Ысқабайды оқырманға таныстырып жатудың өзі артық. Аймақтың әкім-қарасынан бастап, елге белгілі ақын-жазушысына дейін, еңбек адамы мен қарапайым көпшілікті де өз нысанасына ілестіріп келетін кәсіби маманның негізгі жанры – портрет. Алайда оның фотоқоржыны бір ғана жанрдың аясына сыймайды. Себебі Жеңіс Ысқабай үшін әрбір көрініс – өзінше бір хикая, әрбір адам – тұтас бір тағдыр.

2004-2008 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде қызмет атқарған ол 2008 жылы Талдықорғанға қоныс аударып, сол кездегі облыс әкімінің жеке фотографы болды. Талай тұлғаның жүзіндегі қуаныш пен түйілген қабақты, елдік жиынның елеулі сәтін, елсіз жердегі елеусіз көріністі де назардан тыс қалдырған жоқ.

Фототілші үшін ең маңыздысы – сәтті ұстап қалу. Ал сәт дегеніңіз – қылт етіп өте шығатын құбылыс. Бір қарағанға түкке тұрмайтын көріністің өзінде қаншама мағына жатуы мүмкін. Жеңіс Ысқабай сондай мезетті аңғарады. Қиыр жайлап, шет қонған қазақтың қоңыр мінезін, туған жердің табиғи болмысын бойына сіңірген азамат үшін үп еткен самал да, тербелген терек те, адамның бір сәттік жанарындағы мұң да – сурет.

Фототілшінің айтуынша, спорттағы сәттерді суретке түсіргенді ұнатады екен. Өйткені спорт – қозғалыс пен мінездің, жеңіс пен жеңілістің, үміт пен өкініштің арпалысы. Бір ғана мезетте адамның бар болмысы көрініп қалуы мүмкін. Ал сондай сәтті қалт жібермей қағып алу – фотографтың шеберлігі.

Бүгін біз назар аударып отырған сурет те сондай тосыннан туған дүние. Фото 2003 жылы Алматы қаласы Байсейітов көшесінде түсірілген. Кадрда қоғамдық орында қалғып жатқан екі адам бар. Қасында екі «шөлмек». Бір қарағанда, көңілге қаяу түсіретін, тіпті жиіркеніш тудыратын көрініс. Бірақ жақсы фотографтың кадрына үңіле қарасаңыз, сыртқы сұрықсыздықтың ар жағынан басқа бір шындық қылаң береді.

Жеңіс Ысқабайдың өзі бұл көріністі көре сала бейжай өтіп кете алмағанын айтады. Суреттің атауы – «Беймаза өмір». Атауының өзінде бір мұң бар.

Беймаза өмір… Бірақ суреттегі қос пенде, керісінше, дүниенің дүрмегінен ада-күде қол үзгендей маужырап жатыр. Заманның запыраны ағып, айналада тіршілік қайнап жатса да олардың оған қатысы жоқ. Алматы өз ырғағымен ағылып барады. Адамдар асығып өтеді. Біреулер арман қуып, біреулер нәпақа қамымен жүр. Ал мына екеуі сол тіршіліктің жиегінде қалып қойғандай. Осы бір сәтке үңілген сайын көңілге сан сауал келеді. Бұл суретте қанша ақталмаған арман жатыр? Қанша кеудені кернеген өкініш бар? Қанша айтылмаған сөз, қанша жұтылған зар бар?

Мүмкін бұл адамдардың бір кездері асқақ арманы болған шығар. Бірінің анасы жолына қараған, бірінің жары күткен, бірінің баласы әкесін іздеген шығар. Өмірге өкпелеп, тағдырдың теперішіне төтеп бере алмай, ақырында осындай күйге түскен болуы да мүмкін. Әрине, мұның бәрін бір суретке қарап кесіп айту қиын. Бірақ фотографияның құдіреті де осында. Ол жауап бермейді. Керісінше, ойға жетелейді.

Кеше ғана біреудің үміті болған, бүгін біреудің назарынан тыс қалған жандар. Көзге көрінбейтін жарасын ішке бүккен, жан-жүрегі езілген пенделер. Біреуге өкпесі, біреуге өкініші, бәлкім, өмірге айтары бар. Бірақ оны тыңдайтын құлақ табылмаған.

Суреттегі тыныштықтың өзінен әлдебір ауыр күрсініс сезіледі. Астаң-кестең көңілдің, жырым-жырым болған жүректің табы бар. Бір кездері қанат қаққан арманның сағы сынғандай. Көңілге түйген мұңын кімге айтарын білмеген жандардың үнсіздігі секілді.

Бәлкім, бұл кадрда тағдыр тауқыметін тартқан талай жанның назасы бар шығар. Қанша қиянат көрген адамның қарғысы, қанша қорлыққа шыдаған қайғы, сары белдіктей сарғайған сағыныш пен қанша жоғалтудан соңғы дәрменсіздігі жатқандай.

Фотографтың шеберлігі де осында – ол көріністі көріп қана қоймайды, оның астарына үңіледі. Көпшілік «маскүнем екі адам жатыр» деп өте шығатын жерден Жеңіс

Ысқабай адам тағдырын аңғарған. Тұрпайы көрінетін көріністің өзінен табиғатпен үйлесімділік тапқан. Тарылған көшенің тас қабырғасы мен маужыраған екі адамның арасында да бір тұтас сурет барын сезген.

Кейде өнер әсемдікті ғана іздемейді. Өнер өмірдің өңін боямай, бар қалпында көрсетуге тиіс. Өйткені тіршіліктің төрінде той да бар, мұң да бар, асқақ арман да бар. «Беймаза өмір» – осындай шындықтың бір үзігі. Жеңіс Ысқабайдың бір ғана кадрының құдіреті осында шығар…

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Еліміздегі экологиялық мәдениеттің ерекшелігі

Еліміздегі экологиялық мәдениеттің ерекшелігі

21.09.2026
Таза Қазақстан: Экологиялық мәдениет – әр азаматтың парызы

Таза Қазақстан: Экологиялық мәдениет – әр азаматтың парызы

21.09.2026
Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады

Қарулы Күштердегі кадрлық өзгеріс: Құрлық әскерлеріне жаңа басшы тағайындалды

21.09.2026
Мемлекет басшысы Армения халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Армения халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

21.09.2026
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді

Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді

21.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.