Талдықорған: +24°C
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

24.09.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

Қанат Өмірәлинов

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл тәтті түбір 13,5 мың гектар жерге егілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,3 мың гектарға артық. Болжам бойынша, өңір шаруашылықтары шамамен 585 мың тонна қант қызылшасын жинауды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өнім жинау науқанына Ақсу, Сарқан, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ аудандарының шаруашылықтары кірісті. Жиын-терін жұмыстарына 115 қызылша жинайтын комбайн және 52 жапырақ жинайтын машина жұмылдырылады. Қолда бар техника тәулігіне 700 гектарға дейін өнім жинай алады.

Өнім жинауға кіріскен шаруашылықтардың бірі – Көксу ауданындағы «Қыдырәлі» шаруа қожалығы. Мұндағы 327 гектар ауыл шаруашылығы алқабының 160 гектарына қант қызылшасы егілген. Сонымен қатар шаруашылық дәндік және сүрлемдік жүгері, көкөніс және жоңышқа өсіреді.

Биыл қызылша өсірушілер ерте пісетін «Авантаж» сұрпына басымдық берген. Алдын ала болжамдар бойынша, өнімділік гектарына 700 центнерге дейін жетеді.

«Бүгін қызылша қазуға кірістік. Өнім жақсы, гектарынан шамамен 650–700 центнерден аламыз деп отырмыз. Суармалы су жағынан мәселе болған жоқ, өнім жақсы шықты. Енді бастысы – өсірілген өнімді ысырапсыз жинап, өңдеуге тапсырсақ дейміз», – дейді «Қыдырәлі» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Шеңгелбаев.

Шаруашылық қант қызылшасын өсірумен шамамен 15 жылдан бері айналысып келеді. Фермердің айтуынша, бұл дақыл өсімдік шаруашылығындағы ең тартымды бағыттардың бірі болып отыр.

«Қызылша – біз үшін ең табысты дақылдардың бірі, сондықтан осы бағытта жұмыс істеп келеміз. Мемлекет тарапынан қолдау бар: тыңайтқыштар мен препараттарға субсидия қарастырылған. Қант қызылшасын шамамен 15 жылдан бері табысты өсіріп келеміз», – деді шаруашылық өкілі.

«Қыдырәлі» шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы техникасы жеткілікті: бес МТЗ тракторы, үш астық жинайтын және бір қызылша жинайтын комбайн, төрт КамАЗ, сондай-ақ сепкіштер мен басқа да қажетті агрегаттар бар. Шаруалардың айтуынша, соңғы екі жылда техниканы шаруашылықтар лизинг арқылы сатып алуда, бұл да шаруашылыққа көрсетіліп отырған қолдаудың бір түрі.

Жалпы биыл Көксу ауданында 185 шаруа қожалығы қант қызылшасын 2,9 мың гектарға екті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен мың гектарға көп. Күтілетін жалпы өнім көлемі шамамен 130 мың тонна. Жиын-терін науқанына ауданда 27 қызылша жинайтын комбайн, 10 жапырақ жинайтын машина және 70-80 жүк автокөлігі дайындалды.

«Өз техникасы бар шаруашылықтар техникасы жоқ шаруаларға көмектеседі. Сонымен қатар екі сервистік дайындау орталығы қолдау көрсетеді. Жұмыс күші жеткілікті, сондықтан науқанды өз күшімізбен өткіземіз деп отырмыз», – деп түсіндірді Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ержан Шалқыбеков.

Өнімді өңдеуге тапсыру ісін ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөлінген. Бекітілген кестеге сәйкес Ақсу және Көксу қант зауыттарында қант қызылшасын қабылдау 25 қыркүйекте басталады. Бұл тәртіп түсетін өнім көлемін реттеп, қант қызылшасын өңдеуге тапсыру кезінде кезектің пайда болу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

«Әрбір шаруа қожалығы бойынша гектар көлемі мен өнім көлеміне қарай кесте жасалды. Өнімді тапсыру осы кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Алдымен зауыт ерте пісетін «Авантаж» сұрпын қабылдайды. Көксу қант зауытына өнімді біздің ауданның, сол сияқты Кербұлақ, Ескелді, Қаратал аудандарының және Талдықорғанның шаруашылықтары әкеледі. Өнім қабылдау кезең-кезеңімен ұлғайтылады: бастапқы кезеңде тәулігіне шамамен 2 мың тонна, кейін 3 мың тоннаға жуық, ал кәсіпорын қажетті қуатына шыққан соң күніне 3,5–4 мың тоннаға дейін қабылдау жоспарланып отыр», – деді Е. Шалқыбеков.

Жаңғыртудан кейін және өндірістік қуаты арттырылған соң Көксу қант зауыты биылғы маусымда 374 мың тонна қант қызылшасын қабылдауды жоспарлап отыр. Ал өткен жылы шамамен 250 мың тонна қабылданған.

Жалпы биылғы маусымда Жетісу облысында қант қызылшасының егіс алқабы да, күтілетін өнім көлемі де артып отыр. Болжамды көрсеткіштерге қол жеткізілген жағдайда, өңір шаруалары өткен жылмен салыстырғанда 86 мың тоннадан астам өнімді артық жинайды.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

Жетісуда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды

24.09.2026
Жылдың қомақты жетістігі

Егіннің есебі – еңбекте

24.09.2026
Заманауи оңалту орталығы

Заманауи оңалту орталығы

24.09.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

24.09.2026
Жеміс  ағаштарын қысқа дайындау

Жеміс ағаштарын қысқа дайындау

24.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.