Талдықорған: +21°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тәтті түбірді қабылдау науқаны

26.09.2026
КҮНДЕРЕК
Тәтті түбірді қабылдау науқаны
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу қант зауыты егістіктен жиналған биылғы қызылшаны қабылдауға кірісті. Кәсіпорын маңындағы әр көліктің тіркемесі тәтті түбірге толы.

Арнайы көліктерге тиелген дақыл зауытқа жеткізіліп, қабылдау алаңына түсірілуде. Бір көлік босап үлгерсе, кезек келесісіне жетеді. Осылайша таңнан басталған тіршілік кешке дейін толастамайды. Ал зауыт мамандары үшін бұл – өндірістің қызу кезеңінің басталғанын білдіреді. Кәсіпорында 5910 гектар алқаптан жиналған өнімнен жалпы 211 мың тонна қант қызылшасын өңдеу жоспарланған. Байқағанымыздай, зауытта шаруалардан келетін өнімді дер кезінде қабылдап, өндіріс үдерісін үздіксіз жүргізуге қажет дайындық жұмыстары толық жүргізіліпті. Өнім кезек тәртібімен қабылдануда.

Ақсу қант зауыты» ЖШС директоры Берікбек Қалиевтің айтуынша, қазір қант қызылшасын 120-ға жуық шаруашылық қазып алуда. Алакөл, Сарқан және Ақсу аудандарынан бір тәулікте орта есеппен 4 мың тонна өнім зауытқа жеткізілген. Зауыт аумағында өнім тиелген 30-40 шақты көлік кезегін күтуде. Бұрын мұндай кезекте тұрған көліктердің саны әлдеқайда көп болатын. Ал биыл көлік қозғалысы реттеліп, шаруаларға қолайлы жағдай жасау үшін электрондық кесте жасалған. Нәтижесінде көліктердің кезек күтуі азайған.

Кестеге сәйкес, таңнан кешке дейін 150-170 шақты автокөлік зауыт аумағынан өтіп, өнімін түсіреді. Қызылшаны уақытылы қабылдап, өңдеу көлемін арттыру мақсатында құрылғылардың басым бөлігі жаңартылып, өндірістік үдерістің тиімділігін күшейтуге басымдық берілген. Кәсіпорынды жаңғырту жобасы аясында зауыттың өндірістік қуатын жылына 350 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Жаңғырту жұмыстары биыл басталып, 2028 жылы аяқталады деп күтілуде. Жоба құны 25 млрд. теңгені құрайды.

Бұл бастама кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, өңірде өсірілетін қант қызылшасын терең өңдеуге жағдай жасайды. Зауытта екі қазандық табиғи газға толық ауыстырылған. Өнім цехындағы центрифугалар мен пресс-камералық сүзгілерге қызмет көрсету жұмыстары біткен. Сонымен бірге, жаңа БУМ қондырғысы сатып алынған.

Кәсіпорында екі жаңа қызылша кескішті монтаждау, технологиялық жабдықтарды жөндеу, диффузиялық аппарат бойынша дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек, №1 әктас-газ пешінің монтажы аяқталып, электр цехындағы жоғары вольтты электр жабдықтарына сынақтар өткізілген. Қазіргі таңда зауытта 320-ға тарта адам еңбек етуде, алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсіп, 450 адам жұмыспен қамтылмақ.

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Әсет Серікболовтың сөзінше, биыл ауданда 77 шаруа қожалығы 2 600 гектар алқапқа қант қызылшасын егіпті. Бүгінге дейін 11 шаруашылық жиын-терін жұмыстарына кірісіп, 113 гектар алқаптан 3 984 тонна қант қызылшасы жиналған. Қызылша өсіруде заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлініпті. Қазір 3 шаруа қожалығы жалпы 310 гектар алқапта тамшылатып суару технологиясын қолдануда.

Бұдан бөлек, қант қызылшасын өсіру және дайындау бағытында 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс істеп тұр. Орталықтар қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етілген. Бұл шаруалардың егіс жұмыстарынан бастап, өнімді жинау және қабылдау орындарына жеткізу кезеңдеріндегі іістерін жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл аймақта 101 мың тонна қант өндіру көзделіп отыр. Оның 71 мың тоннасы қант қызылшасынан, 30 мың тоннасы қант құрағынан алынбақ.

Айгүл Байбосын
Ақсу ауданы
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Тәтті түбірді қабылдау науқаны

Тәтті түбірді қабылдау науқаны

26.09.2026
Қант қызылшасы зауытқа жол тартты

Қант қызылшасы зауытқа жол тартты

26.09.2026
Тотыдайын түрленген Талдықорған

Тотыдайын түрленген Талдықорған

26.09.2026
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеуде

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеуде

25.09.2026
Жоғалған екі әскери қызметшінің мәйіті табылды

Жоғалған екі әскери қызметшінің мәйіті табылды

25.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.