Талдықорған: +13°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жақсылыққа жол ашайық

26.09.2026
КҮНДЕРЕК
Жақсылыққа жол ашайық
WhatsAppTelegramFacebook

Тегінде адамға көмектесу үшін көп нәрсе қажет емес. Бір үзім нан, бір ауыз жылы сөз немесе бір-неше сағат уақытыңыздың өзі біреудің көңілін көтеріп жіберуі мүмкін. Ерiктілік – жай ғана қоғамдық шараларға қатысу емес, өзгенің жағдайына бейжай қарамай, қоғамға өз үлесіңді қосудан басталады.

Бір күні көшеде келе жатып, қолында ауыр сөмкесі бар әжейді көрдім. Жанынан өтіп бара жатқан адамдардың бәрі өз шаруасымен асығып бара жатты. Жас жігіт тоқтап, әжейдің сөмкесін көтерісіп, жолдың нарғы бетіне дейін шығарып салды. Бір қарағанда, бұл аса үлкен іс емес сияқты. Бірақ әжейдің «Айналайын, рахмет» деген сөзінен кейін оның жүзіндегі қуанышты байқадым. Сол сәтте жақсылықтың үлкен-кішісі болмайтынын түсіндім. Еріктіліктің ең әдемі тұсы да осында. Ерiкті адам жасаған еңбегі үшін міндетті түрде ақша немесе марапат күтпейді. Оның ең үлкен сыйы – бір адамның алғысы, бір баланың күлкісі немесе бір отбасының қиындықтан сал де болса шығуына себепші болғанын сезіну.

Қазір жастар арасында еріктілікке қызығушылық артып келеді. Түрлі қайырымдылық акцияларында, сенбіліктерде, әлеуметтік жобалар мен қоғамдық іс-шараларда жастардың белсенді жүргенін жиі көреміз. Bipi карттарға азық-түлік жеткізсе, бірі балаларға арналған шара ұйымдастырады. Енді бірі қоршаған ортаны тазартуға уақытын бөледі. Бір қарағанда, бұл әрекеттердің әрқайсысы бөлек сияқты, бірақ кішкентай жақсылықтардың барлығы біріге келе, қоғамдағы үлкен өзгеріске айналады.

Осы тұста Абай Құнанбайұлының: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым де» деген сөзі ойға келеді. Бұл сөздің мәні бүгінгі еріктілік ұғымымен де үндеседі. Себебі ерікті болу – өзің танымайтын адамға да адам ретінде қарап, оның қиындығына немқұрайлы қарамау. Еріктілік өзгеге ғана емес, адамның өзіне де көп нәрсе үйретеді. Кейде өз мәселемізді тым үлкен деп қабылдаймыз. Сабақ, жұмыс, ақша, күнделікті күйбең тіршілік – бәрі маңызды болып көрінеді. Ал мұқтаж адамға көмектесіп, оның жағдайын көргенде, кей нәрсеге көзқарасың өзгереді, бар нәрсенің қадірін түсіне бастайсың, уақытыңды бағалайсың. Ең бастысы – адамдардың бір-біріне қаншалықты қажет екенін сезінесің.

Қиындыққа тап болған адамның қолынан ұстап «Мен саған көмектесемін» деудің өзі үлкен күш береді. Әсіресе технология дамып, адамдардың бір-бірімен әлеуметтік желі арқылы байланысы артқан заманда бұл одан сайын маңызды. Кейде экранның ар жағындағы жүздеген таныстан гөрі, қиын сәтте жаныңнан табылатын бір адамның көмегі әлдеқайда бағалы.

Қоғамды тек заңдар мен үлкен жобалар ғана өзгертпейді. Қоғамды адамдардың күнделікті жасайтын қарапайым әрекеттері де өзгертеді. Бір адам қоқысты жерге тастамаса, екіншісі қарт кісіге көмектессе, үшіншісі мұқтаж балаға қолдау көрсетсе – осындай қарапайым әрекеттердің өзі қоғамның мәдениетін қалыптастырады. Сондықтан еріктілердің еңбегін тек «тегін жұмыс» деп қабылдау дұрыс емес. Олар өз уақытын, күшін, кейде қаражатын жұмсап, қоғамға пайда әкеледі. Одан да маңыздысы – олардың жасаған жақсылығы өзгелерге де үлгі болады.

Бәлкім, ерікті болу үшін үлкен жобадан бастаудың қажеті жоқ шығар. Бүгін бір адамға көмектесуден бастауға болады. Ертең тағы біреуге. Біреудің өміріне өзгеріс енгізу үшін міндетті түрде батыр болудың, әлемді өзгерту үшін үлкен істің қажеті жоқ. Бір адамның көңілін көтеру, біреуге қол ұшын созу, біреудің ауыр жүгін жеңілдету – соның өзі жақсылықтың бастауы. Ал сол жақсы істің бастауы – өзің болуың мүмкін.

Айдана АРДАҚҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Бақтыбай ауылындағы өрт салдарынан үш бала көз жұмды

Бақтыбай ауылындағы өрт салдарынан үш бала көз жұмды

26.09.2026
Жалғыздықтың жүгі

Жалғыздықтың жүгі

26.09.2026
Отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрін бір арнада тоғыстырған әулет

Отбасы құндылығы мен еңбек дәстүрін бір арнада тоғыстырған әулет

26.09.2026
Медицинадағы кезекті цифрландыру жоя ала ма?

Медицинадағы кезекті цифрландыру жоя ала ма?

26.09.2026
Жақсылыққа жол ашайық

Жақсылыққа жол ашайық

26.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.