Талдықорған: +14°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинамен кездесті

28 қыркүйек 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинамен кездесті

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысы теннисшінің тарихи жетістігі отандық спорттың дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. Оның айтуынша, Рыбакинаның жеңістері балалардың тенниске қызығушылығын арттырып, жас спортшыларға үлкен мотивация беріп отыр.

– Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Елена Рыбакинаның корттағы шеберлігімен қатар, байыптылығы мен жоғары мәдениетін де атап өтті.

– Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Елена Рыбакина Президентке тұрақты қолдауы және Қазақстанда үлкен теннистің дамуына көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

Теннисші Қазақстан атынан өнер көрсететінін мақтан тұтатынын айтып, алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуантуды мақсат ететінін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Маңызы зор марафон

Бүгін, 15:00
«Қызылтас» иен дала ма?

«Қызылтас» иен дала ма?

Бүгін, 14:30
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Бүгін, 14:20
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Бүгін, 14:14
Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Бүгін, 14:07

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.