Талдықорған: +14°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Маңызы зор марафон

Бүгін, 15:00
КҮНДЕРЕК
Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

zhasalash.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған асыл қазынасы, ұлттың рухани байлығы мен өркениетінің өлшемі болған кітап адамның ой- өрісін кеңейтіп, дүниетанымын тереңдетеді. Ал кітап оқуды өмір салтына айналдырған қоғамның болашағы жарқын, рухани іргетасы берік болмақ. Сондықтан елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман санын арттыру және жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде.

Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Кітап оқитын ұлт» марафоны. Бұл – қоғамда оқу мәдениетін орнықтыруды, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтуды, білімге құштар әрі зерделі ұрпақ қалыптастыруды көздейтін ауқымды рухани-танымдық жоба.

Марафонның басты ерекшелігі – кітапты оқу, шығарманы түсіну, талдау, өз ойын еркін жеткізуге, алған әсерімен өзгелермен бөлісуге жетелеуі. Яғни, мұнда кітап оқу жеке адамның қызығушылығы ғана емес, қоғамды біріктіретін ортақ құндылық ретінде қарастырылады.

Марафон аясында әртүрлі санатта қатысушыларға арналған бағыт қарастырылып, ұсынылған шығармалар тізімі негізінде жүйелі оқу үдерісі ұйымдастырылады. Қатысушылар белгіленген мерзім ішінде кітап оқып, шығарма мазмұны бойынша өз пікірлерін білдіріп, білімдерін түрлі тапсырмалар мен танымдық сынақтар арқылы көрсетеді. Жазбаша пікірмен қатар бейнепікір ұсыну мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл оқырмандардың шығармашылық қабілетін танытып, қосымша ұпай жинауына жол ашады.

Марафонның тағы бір маңызды қыры – оқырманды белсенділікке, ізденіске және жүйелі білім алуға ынталандыруы. Кітап оқыған адам тек шығарма мазмұнымен танысып қана қоймай, ондағы өмірлік мәселелерді саралайды, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді, автордың негізгі ойын түсінуге тырысады. Осы арқылы оқырманның сыни ойлау қабілеті, талдау мәдениеті мен өзіндік көзқарасы қалыптасады.

Аталған ауқымды бастаманы жүзеге асыруда кітапханалардың атқарар рөлі ерекше. Себебі кітапхана – білім мен тәрбие, руханият пен мәдениет, ізденіс пен шығармашылық тоғысқан қоғамдық орта.

Осы орайда Панфилов ауданының кітапханалары да «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонын қолдап, тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруда.

Ауданға қарасты ауылдық кітапханаларда марафонның мазмұны мен мақсатын түсіндіру, тұрғындарды жобаға қатысуға шақыру, оқырмандарды тіркеуге бағыт-бағдар беру, кітаптардың тізімімен таныстыру және оқу барысын қолдау жұмыстары жүргізіледі. Кітапханашылар оқырмандарға марафонның талаптарын түсіндіріп, әрбір қатысушының өз бағытын таңдауына, оқуға ұсынылған әдебиеттермен танысуына ықпал етеді.

Кітапханаларда марафонды тек ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен шектемей, оның мазмұнын ашатын түрлі мәдени-танымдық және зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар марафонға қатысушылардың оқу белсенділігін арттыру, олардың оқыған шығармалары туралы ой-пікірлерін ортаға салуына мүмкіндік жасау, бейнепікірлер дайындауға ынталандыру бағытында да жұмыстар атқарылады.

Кітапханада ұйымдастырылатын әрбір іс-шараның түпкі мақсаты – оқырман сүйіспеншілігін арттырып, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру. Кітап оқу арқылы жас буынның дүниетанымы кеңейіп, тіл байлығы артады, ойлау қабілеті дамиды. Әдеби шығармалар арқылы тарихты танып, ұлттың өткені мен бүгінін зерделеп, болашаққа деген көзқарасын қалыптастырады. Осы ретте ауыл кітапханасы әрбір оқырманның білімге ұмтылуына жол ашатын, ізденісіне бағыт беретін, рухани дамуына қолдау көрсететін маңызды мәдени орталыққа айналуда.

Кітап оқитын ұлт қалыптастыру – бір күннің немесе бір мекеменің міндеті емес. Бұл – отбасы, мектеп, кітапхана және тұтас қоғам болып атсалысатын ортақ іс. Ендеше, «Кітап оқитын ұлт» марафоны әр шаңыраққа кітаптың шуағын шашып, әр ауылда оқырман ортасын қалыптастырып, әр жүректе білімге деген құштарлықты оятсын!

Гауһар РАХЫМҒАЛИ,
Қырыққұдық ауылының кітапханашысы
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Қызылтас» иен дала ма?

«Қызылтас» иен дала ма?

Бүгін, 14:30
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Бүгін, 14:20
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Бүгін, 14:14
Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Бүгін, 14:07
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

Бүгін, 14:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.