Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды. Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов алғашқы қарсыласын таза жеңді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы бірінші айналымда Оңтүстік Корея өкілі Ли Харимді иппон әдісімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48 және 52 келі, ерлер арасында 60 және 66 келі салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер анықталады.





