Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2026 жылғы 21 қазанда сағат 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында (Сарыөзек ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 12) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазылуға болады.
Сондай-ақ сағат 11.00-де аудандық Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің ғимаратында (Сарыөзек ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 25) облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша жүргізіледі.





