Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ата Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі

Бүгін, 11:37
КҮНДЕРЕК
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Адам құқықтарын қорғау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, жауапты отаншылдықты қалыптастыру, ғылым мен білімді дамыту – конституциялық құндылықтардың негізі. Жаңа Конституция осы қағидаттарды мемлекеттің және қоғамның дамуындағы басты бағдар ретінде айқындайды. Бұл ретте заңнаманың сапасы мен оның Ата Заң талаптарына сәйкестігі ерекше маңызға ие.

Конституциялық нормалардың тиімділігі олардың заң жүзінде бекітілуімен ғана емес, күнделікті өмірде нақты жүзеге асуымен өлшенеді. Сондықтан қабылданатын заңдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталып, мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің нақты шегін белгілеуі қажет. Құқықтық нормалар түсінікті әрі бірізді болып, азаматтардың мемлекеттік органдар шешімдеріне шағымдануына мүмкіндік беретін тиімді тетіктер қарастырылуға тиіс.

Бұл бағытта Конституциялық Соттың қызметі айрықша рөл атқарады. Сотқа келіп түскен өтініштердің шамамен 99 пайызын азаматтар жолдайды. Жалпы, 18 мыңнан астам өтініштің қаралуы конституциялық бақылаудың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын көрсетеді. Сонымен қатар бір мәселеге қатысты өтініштердің қайталануы заңнамадағы жүйелі олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдары азаматтардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қамтиды. Мәселен, банк құпиясына құқық адамның дербес құқығы болып саналады және ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүлік қатынастары бұл кепілдікті жоймайды. Сондай-ақ ортақ меншік иелерінің қылмыстық процесте өз мүдделерін қорғауына жағдай жасалуы қажет.

Бұдан бөлек, баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне қатысты шешімдерді орындау кезінде баланың мүддесіне басымдық берілуі, еңбек қатынастарында қызметкердің құқықтық мәртебесі мен міндеттерінің ескерілуі маңызды. Ал процестік мерзімдер мен рәсімдер адамның жеке бас бостандығын қорғауға кепілдік беріп, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының негізсіз қолданылуына жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік органдар да өз қызметінде заң талаптарын қатаң сақтауы керек. Қоғам үшін маңызды мақсаттардың болуы олардың өз өкілеттігін асыра пайдалануына негіз бола алмайды. Азаматтардың құқықтарын шектеу тек заңда белгіленген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

Осыған байланысты заң жобаларын әзірлеу барысында Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарын ескеру маңызды. Бұл заңнамадағы қайшылықтар мен олқылықтардың алдын алып, конституциялық кепілдіктерге сәйкес келмейтін нормалардың қабылдануына жол бермейді.

Бүгінде Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асыру бағытында да бірқатар жұмыс атқарылған. Атап айтқанда, 91 нормативтік қаулының 70 пайызы заңнамалық деңгейде орындалған. Тағы 16 шешімді Құрылтай депутаттарының заң шығару бастамасы аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мұндағы басты міндет – Конституцияға қайшы келетін жекелеген нормаларды жоюмен шектелмей, заңнамадағы өзара байланысты олқылықтар мен қайшылықтарды да ретке келтіру.

Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдары сот және прокуратура тәжірибесінде де қолданыс табуда. Мыңнан астам сот актісінде оның нормативтік қаулыларына сілтеме жасалған. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың жеті нормативтік қаулысы Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарына сәйкестендірілген.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мыңнан астам азаматтың құқығы қалпына келтіріліп, 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған. Сондай-ақ 46 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Жаңа Конституцияны жүзеге асыру салалық заңнаманы кешенді түрде жаңартуды да талап етеді. Атап айтқанда, азаматтық, азаматтық процестік, қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнаманы жетілдіру басым бағыттардың қатарында. Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу кезінде меншік құқығын, жеке өмірге қол сұғылмауын, шарт еркіндігін, теңдік пен құқықтық шектеулердің шамадан тыс болмауын қамтамасыз ететін конституциялық кепілдіктер ескерілуге тиіс.

Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуы құқықтық реттеудің жаңа тетіктерін қажет етеді. Заңнамада жасанды интеллектті қолданудың негіздері мен шектері, алгоритмдердің ашықтығы және автоматтандырылған жүйелер қабылдаған шешімдер үшін жауапкершілік нақты белгіленуі қажет. Егер мұндай шешімдер адамның құқықтары мен мүдделеріне әсер етсе, оларды адам тарапынан бақылау, тексеру және заң аясында шағымдану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек.

Конституциялық құндылықтарды қоғам санасына сіңіру де маңызды міндеттердің бірі. Азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін біліп қана қоймай, оларды қорғау жолдарын және заң талаптарын сақтаудағы жеке жауапкершілігін түсінуі қажет. Осы мақсатта конституциялық-құқықтық ағарту жұмыстарын күшейтіп, мемлекеттік қызметшілердің, судьялардың, адвокаттар мен басқа да мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға басымдық берілуі тиіс.

Қорыта айтқанда, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекеттік органдар мен бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде әрекет етіп, қабылданатын нормативтік құқықтық актілер Ата Заңның талаптарына мазмұндық тұрғыдан да сәйкес болуы қажет. Өйткені Конституцияны жүзеге асырудың басты көрсеткіші қабылданған заңдардың саны емес, олардың азаматтардың құқықтарын қорғауға, заңдылықты нығайтуға және халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға қосқан нақты үлесі болмақ.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

…Туғанды биде иман жоқ

…туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00
Жастар желінің жетегінде

Жастар желінің жетегінде

Бүгін, 13:00
Кітап оқыңыз, құрбым!

Кітап оқыңыз, құрбым!

Бүгін, 12:30
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Дамудың басты бағдары

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Ата Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі

Бүгін, 11:37

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.