Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кітап оқыңыз, құрбым!

Бүгін, 12:30
КҮНДЕРЕК
Кітап оқыңыз, құрбым!
WhatsAppTelegramFacebook

Кітап – көңілдің көкжиегін кеңейтіп, танымның тамырын тереңдететін рухани қазына. Көркем шығарманың әр бетінен өмірдің бір үзігін, әр кейіпкерінен адам болмысының бір қырын танисың. Оқыған жанның ойы орамды, сөзі шұрайлы, дүниетанымы кең болмақ. Сондықтан да классик жазушы Ғабит Мүсірепов: «Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!» деп өсиет қалдырған.

Мен де кітаптың осындай қадір-қасиетін жете түсінген соңғы жылдары әдебиетке айрықша ден қойып жүрмін. «Мизам» әдеби жылжымалы мектебінің шәкірті атанғаннан бері 40-тан астам кітаптың бетін ашып, талай туындымен таныстым.

Осы орайда қатарлас құрбыларыма оқуға кеңес беретін бірнеше туындыны атап өткім келеді. Әуелі Шынар Әбілданың «Әлемді өзгерткің келсе – әйелді сүй» кітабына тоқталсам деймін. Атауының өзінде үлкен ой жатқан шығарма әйел болмысы, оның қоғамдағы орны мен қадір-қасиеті жөнінде толғануға жетелейді. Ал Дулат Исабековтің «Гауһартасы» – қазақ прозасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Ілияс Есенберлиннің «Алтын құсы» оқырманды адамдық мұрат, өмірлік таңдау мен арман жолындағы ізденіске жетелесе, Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» еңбегі кісілік келбет, мінез тәрбиесі, рухани жетілу жайында ой қозғайды. Әкім Таразидің «Ауыл шетіндегі үйі» ауыл тіршілігінің тынысын, адам тағдырының иірімдерін сезіндіріп, оқырманды өмірдің қарапайым көріністерінен терең мағына іздеуге баулиды.

Қазақ әдебиетінің асыл мұралары қатарындағы Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» мен Спандияр Көбеевтің «Қалың малы» да назардан тыс қалмауға тиіс. Бірі адам жанының арпалысын, сезім мен ар алдындағы жауапкершілікті суреттесе, екіншісі ескі қоғамдағы әйел теңсіздігі мен әлеуметтік әділетсіздікті шынайы бейнелейді. Ал Шерхан Мұртазаның төрт кітаптан тұратын «Қызыл жебесі» – ел тарихы мен қайраткер тағдырын сабақтастырған кесек туынды. Тұрар Рысқұловтың өмір жолы арқылы тұтас дәуірдің шындығын танытады. Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қызы» да адам мінезі мен жандүниесіне үңілдіретін шығармалардың қатарынан орын алады.

«Мизам» мектебіндегі Назерке есімді құрбым екеуміз оқыған дүниелерімізді жиі талқылаймыз. Кейде бір шығармаға қатысты пікіріміз тоғысып жатса, енді бірде әрқайсымыз кейіпкер әрекетіне өзінше баға береміз. Осындай әңгімелер арқылы кітаптың бір қырын өзің байқамасаң, екінші қырын досыңның пайымынан танисың. Әдеби талғам да осындай ортада қалыптасып, ой өрісі осындай сұхбаттар арқылы толыса түседі.

Құрбым, бос уақытыңды баянсыз дүниеге сарп етпей, қолыңа бір кітап алшы! Бәлкім, бір шығарма сенің өмірге деген көзқарасыңды өзгертер, бір кейіпкер өзіңе ой салар, бір сөйлем жүрегіңе жол табар. Кітаптың қызығы оның соңғы бетін жапқанда бітпейді, қайта сол сәттен бастап санаңда жаңа ойдың сәулесі жарқырайды!

Олай болса, кітап оқуға асығайық! Оқығанымызды ортаға салып, ой бөлісейік. Білімге құштар, парасатқа жақын жандардың қатары көбейсін. Қатарымызға қосыл, құрбым!

Жәния АСХАТҚЫЗЫ,
«Мизам» әдеби жылжымалы мектебінің шәкірті
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.