Талдықорған: +13°C
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Мәртебелі мамандықтың майталманы

10.10.2026
КҮНДЕРЕК
Мәртебелі мамандықтың майталманы
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаз еңбегін бағалау білім мен тәрбиеге деген ел құрметінің көрінісі. Биыл өңірде Ұстаздар күніне орай 350-ден астам педагог түрлі марапатқа ие болды. Солардың қатарында Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің үш ұстазының есімі аталды. Лицей директоры Гүлжанар Еспанова «Құрмет» орденімен, математика пәнінің мұғалімі Камида Төлеметова «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталса, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Айман Жантілеуоваға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді.

Бұл бір мектептің мерейін өсірген айтулы жаңалық. Алайда Айман Жантілеуқызы үшін атақтың салмағы оның өзінен гөрі, осы жолда бірге жүрген адамдармен байланысты. Марапатты алған сәтте ең алдымен өзіне білім берген ұстаздарын, әр кезеңде қолдау көрсеткен әріптестерін, шәкірттерін ойлағанын айтады. Өйткені оның бүгінгі биігі бір күнде қалыптасқан жоқ. Ал ұстаздыққа келуіне отбасындағы тәрбие мен кітапқа деген сүйіспеншілік үлкен әсер етті. Ақсу ауданындағы Қызылту ауылында дүниеге келіп, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте білім алды. Анасы Шәмшия Қаратаева өмір бойы физика пәнінен сабақ беріп, «Оқу ағарту ісінің үздігі» атанған абыройлы жан еді. Физикадан дәріс бергенімен, көркем әдебиетті де сүйіп оқыды. Үйдегі кітаптың қадірін біліп өскен Айман да бала күнінен әдебиетке жақын болды. Оның қолына алғаш тиген кітаптардың бірі Александр Пушкиннің ертегілері еді.

Мектептегі орыс тілі пәнінің мұғалімі Нейля Мұсаеваның да әсері ерекше болды. Ұстаздың сабақты беру мәнері, пәнге деген ықыласы Айманның қызығушылығын оята түсті. Мектепті тамамдаған соң Семей қаласындағы жоғары оқу орнын бітіріп, еңбек жолын туған ауылында бастады. Төрт жыл ауыл мектебінде жұмыс істеп, кейін Талдықорғанға қоныс аударып, Б. Жолбарысұлы атындағы №18 мектепке орналасты. Бұл кезең оның кәсіби қалыптасуында айрықша орын алды. Сол кездегі мектеп директоры Күләш Шәмшидинова бастаған ұжымның ауызбіршілігі мен ұстаздық тәжірибесі жас маманға көп нәрсе үйретті. Туғанай Аяпова, Салтанат Ибраева, Мұхамедқазы Есенғұлов, Гүлжамаш Есенбаева, Ғайни Абдрахманова секілді әріптестерінен сабақ алып, мектептегі үлкен тәжірибені бойына сіңірді. «Ұжым бір отбасындай еді» деп еске алуының өзінен сол жылдардың Айман апай үшін қаншалықты қымбат болғанын аңғаруға болады.

Өмір жолы оны бір сәтке басқа салаға да алып кетті. Екінші жоғары білім алып, қаржы саласында бірнеше жыл еңбек етті. Бірақ мектептен алыстаған сайын ұстаздықты сағынатынын сезінді. Тіпті түсінде сабақ беріп жүретін кездері болған. Ақыры жүрек қалауын тыңдап, қайтадан білім ошағына оралды.

Мектепке оралғаннан кейін бұрынғы орнын ғана емес, ұстаздыққа деген көзқарасын да жаңаша қалыптастырды. Айман Жантілеуқызы үшін мұғалім болу деген дайын білімді балаға жеткізумен шектелетін кәсіп емес. Оның үнемі өзіне қоятын бір сұрағы бар: «Баланы қалай қызықтырып оқытамын?» Санадағы осы сауал оның күнделікті ізденісіне айналған. Шәкірттерін оқулықтағы материалмен ғана шектемей, қосымша ақпарат іздеуге, сөздік қорын байытуға, көркем шығарманы өздігінен оқып, талдауға баулиды. Сабақ барысында бейнематериал әзірлеу, өлең жаттау, шығармаға өзіндік пікір айту сияқты тапсырмаларды да тиімді пайдаланады. Өйткені ол баланың білімді жаттап алғанынан гөрі, оны ізденіп тауып, түсініп, өз сөзімен жеткізе алғанын маңызды санайды.

Айман апайдың өзі де ізденісін тоқтатқан емес. Соңғы үш жылда педагогикалық шеберлік орталығында Раушан Әбішевадан орыс тілі бойынша біліктілігін жетілдіріп, кәсіби білімін толықтырды. Әріптесі Ботагөз Телібаевамен бірге халықаралық педагогтер байқауына қатысып, алты жүзге жуық қатысушының арасынан Мәскеудегі А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтына шақырылған отыз педагогтің қатарынан көрінді. Бір апта бойы өткен шеберлік сабақтары мен кәсіби даму бағдарламасы ұстаздың тәжірибесін тағы да байыта түсті.

Оның еңбегінің нәтижесін оқушыларының жетістігінен де байқауға болады. Соңғы 5 жылда 10 шәкірті республикалық деңгейдегі жарыстардан жүлдемен оралса, олардың бесеуі алтын медаль иеленген. Мысалы бір сыныптан Нұрай Қуатқызы мен Арайлым Құдайберген республикалық олимпиадада алтын медальға, Ерсұлтан Жақсыбек Дарын ғылыми жоба конкурсында күміс медальға ие болды. Ал Әдемі Бақмұратқызы, Ұлан Қанағатов, Іңкәр Нүсіп, Әдемі Амантаева, Нұрәділ Дүйсенбек халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанды.

Ұстаз үшін шәкірт жетістігінің тағы бір қыры бар. Оның бірнеше түлегі өзі таңдаған мамандықты жалғастырып, мұғалімдік жолға түскен. Жанар Нұрахметова, Кәмила Самарханова және Айна Барысбекова, Айгүл Шабдарбаева және тағы басқа шәкірттері бүгінде білім саласында еңбек етіп жүр.

Айман Жантілеуқызы ұстаздықтың ең үлкен жауапкершілігі баланың жүрегіне жол табу деп түсінеді. Ол шәкіртті жиі мадақтап, оның жақсы қасиетін дер кезінде байқауға мән береді. Педагог Шалва Амонашвилидің «Учитель, дай мне крылья» деген сөзін ұстаздық ұстанымына жақын көреді. Оның ойынша, мұғалім баланың қанатын қырқатын емес, керісінше, өзіне сенуіне мүмкіндік беретін тұлға болуы керек.

«Жақсы мұғалім болудың құпиясы неде?» деген сауалға да оның жауабы қарапайым. Алдыңдағы әр баланы өз балаңдай көру керек. Сонда оның қуанышын да, қиналғанын да сезіне бастайсың. Айман апай бала тәрбиесінде біліммен бірге ұқыптылық пен тәртіпке де ерекше мән береді. Антон Чеховтың «Адамның бойында бәрі де әдемі болуы керек» деген сөзін жиі еске алады. Оның түсінігіндегі білімді оқушы тек сабақты жақсы меңгерген бала ғана емес, жазуы көркем, сөзі жинақы, тәртібі дұрыс, өзіне де, өзгеге де жауапкершілікпен қарайтын шәкірт.

Әдемі БАҚМҰРАТҚЫЗЫ:

Айман Жантілеуқызы бізге 5-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Осы жылдардың ішінде пәнді үйретумен ғана шектелмей, әрқайсымыздың бойымыздағы қабілетті байқап, оны дамытуға бағыт берді. Өзіміз байқамай жүрген мүмкіндігімізге сеніп, «байқап көр», «қатысып көр» деп үнемі жігерлендіріп отыратын. Мектептегі көптеген жетістіктеріміздің орыс тілі пәнімен байланысты болуы да кездейсоқ емес. КИО, халықаралық және республикалық олимпиадалар, лингвистикалық және басқа да зияткерлік сайыстарға қатысуымызға Айман Жантілеуованың еңбегі себеп болды.

Айман Жантілеуқызына шәкірттерінің атынан шын жүректен алғыс айтамыз. Біздің бойымызға біліммен бірге ізденуге деген ынта, алға ұмтылуға деген сенім қалыптастырған ұстазымызды әрдайым ерекше ықыласпен еске аламыз. Ұстаз еңбегінің ең үлкен бағасы да шәкіртінің жүрегінде қалған осындай жылы сезім болса керек.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген күні Айман Жантілеуқызы осы жолда өзіне сенім білдірген адамдардың бәрін еске алды. Дина Ошақбаева, Мадина Нүкешова, Күләнда Байтемірова, Бейбітгүл Жүнісбекова, Жанна Әбділдинова сынды тәлімгерлердің ақылын, Мария Галиеваның оны мектепке жұмысқа қабылдағанын, талантты мектеп-лицейдің негізін қалаған Күләй Түсіпованың еңбегін, қазіргі мектеп директоры Гүлжанар Еспанованың қолдауын ризашылықпен айтады.

Марапат алып мектебіне келгенінде әріптестері оны ерекше ықыласпен қарсы алды. Өйткені бұл атақ бір адамның ғана емес, талай жыл бойы бірге еңбек еткен ұжымның да ортақ қуанышы еді.

Айман Жантілеуқызы марапат алу туралы ойламаған. Ол ұстаз болудың өзін үлкен мәртебе санайды. Жылдар бойы еңбектеніп жүріп, қандай да бір атаққа қол жеткізуді мақсат етпеген. Бар ойы шәкіртін білімге қызықтыру, жақсы адам болып қалыптасуына ықпал ету. «Марапат өз иесін табады. Ол үшін тек еңбек ету керек», – дейді ол.

Осы бірауыз сөздің өзінде оның ұстаздық жолының мәні жатыр. Себебі шынайы ұстаз үшін еңбек атаққа жетудің жолы емес, күн сайын атқаратын парызы. Ал сол еңбектің жемісі бір кезде мектеп табалдырығынан аттап шыққан шәкіртінің өмірден өз орнын табуы.

Айман Жантілеуқызының марапаты ұзақ жылдық еңбектің ел алдындағы бағасы болса, оның ұстаздық жолының ең үлкен мәні мектепте өткен жылдардың санында емес, сол жылдар ішінде қанша баланың жүрегіне білімге деген қызығушылық ұялата алғанында.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Әдетім – әлегім

Әдетім – әлегім

10.10.2026
Ұтамын деп ұяттан безбе, асаба!

Ұтамын деп ұяттан безбе, асаба!

10.10.2026
Жетісуда халықты спорт инфрақұрылымымен қамту деңгейі 70,5%-ға жетті: Алакөл ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Жетісуда халықты спорт инфрақұрылымымен қамту деңгейі 70,5%-ға жетті: Алакөл ауданында жаңа спорт кешені ашылды

10.10.2026
Алакөл ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Алакөл ауданында жаңа спорт кешені ашылды

10.10.2026
Жаны жұмсақ, жүрегі жомарт

Жаны жұмсақ, жүрегі жомарт

10.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.