Талдықорған: +12°C
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұтамын деп ұяттан безбе, асаба!

Бүгін, 14:00
КҮНДЕРЕК
Ұтамын деп ұяттан безбе, асаба!

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Тарихтың тереңіне үңілсек, сөз қадірін білген бабалардан өнеге болар мысал аз емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін бар өнердің алдына шығарғаны да бекер болмаса керек. Қылышын қанға боямай-ақ бірауыз сөзбен даудың бетін қайтарып, ел арасына іріткі түспеуіне себеп болған шешендердің тағылымы бүгінге дейін жетті. «Ел бастау қиын емес, қонам деген жерден көл табылар, қол бастау қиын емес, шабам деген ерге жау табылар. Бәрінен бұрын алқа топтың, аламан жұрттың алдында сөз бастау қиын. Тауып айтсаң – береке, таппай айтсаң – келеке» деген сөздің салмағы да осында сияқты.

Ендеше, ел алдында сөз бастауға екінің бірі емес, сөздің парқын, елдің нарқын білетін адам лайық болған. Ал бүгін ше? Бір кездері жұрттың басын қосып, қуаныштың көркін кіргізетін асабалық өнердің өзі біршама өзгергендей. Той тізгінін ұстаған кейбір асабаның арзан әзілі, әдепсіз әрекеті, үлкен мен кішінің арасын ажыратпайтын жеңіл сөзі көңілге қаяу түсіреді. Қонақты күлдіремін деп кейде қадірін кетіріп, тойды қыздырамын деп әдептен асып жататын жайттар да жоқ емес. Әрине, бүгінгі асабадан бұрынғының шешеніндей ел басқаруды талап етіп отырғанымыз жоқ. Дегенмен алқалы тойда ел алдына шығып, көпшіліктің көңілін табу – үлкен жауапкершілік. Өйткені асабаның аузынан шыққан әрбір сөз бір адамның емес, тұтас ортаның мәдениетін көрсетеді. Бүгінгі асаба қандай болуы керек? Тойдың сәнін кіргізіп, әлде даңғазаның даңқын асырып жүр ме?

Бүгінде асабаның қарасы көбейді. Кеше ғана блог бастап, сахнада әзіл айтатын азаматтардың өзі бүгін той тізгінін ұстап жүр. Заман өзгерді, тойдың да тынысы жаңарды. Алайда сан көбейген сайын сапаның да артқаны жақсы. Бір өкініштісі, олай айта алмаймыз. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Асабаның арасында сөздің парқын білетін, қуаныштың көркін қыздыратын, тойдың жөн-жоралғысын жетік меңгерген азаматтар бар. Бірақ кейбірінің бейәдеп сөзі мен орынсыз қалжыңы асабалық өнерге деген көпшіліктің көзқарасын өзгертпей қоймайды. Күлдіремін деп келеке етіп, көңілін қалдыру, тойды қыздырамын деп жөнсіз сөзбен жұрттың бетін қызарту – жиі көрініс тапты.

Соңғы уақытта әлемжеліде қызу талқыланған асабаның «өртің көп болсын, үстің сасып тұр» дегенін де естідік. Тойда жастардың үстеліне отырып, электронды темекіні де еш алаңсыз шегіп алды. Тілек айтуға шыққан қонақтардың түріне, мамандығына тиісіп, шамына тигенін де көпшілік ұмыта қойған жоқ. Ал енді мұндай қалжыңның кімге күлкі, кімге келеке екенін өзіңіз бағамдай беріңіз.

Одан да сорақысы бар. «Апа, қанша балаңыз бар?» деген сауалға кейуана: «Аллаға шүкір, 13 құрсақ көтердім» – дегенде, асабаның «Шошқа құсап туа берген екенсіз» деген сөзді естіп, жағамызды ұстадық. Мұндайды қалай әзіл деуге болады? Бұл жерде күлкіден бұрын әдеп, әзілден бұрын үлкенге деген құрмет тұрмай ма?

10 жылдан астам уақыт той басқарған Санат Нұрбаймен тілдескенде естір құлаққа қонымды пікір айтты.

Тойларға асаба емес, қонақ болып барып түрлі қызық пен сұмдыққа қатар куә болып жүрміз. Ұялғаннан далаға шығып кететін кездер де болады. Бірақ тойда отырған адамдардың 80 пайызына сол ұнайды. Осындай ойындарға өздері сұранып, қатысады, билейді. Енді ата-әжелеріміз ұялғаннан телефон қарап кетеді, қарамаған, байқамаған кейіп танытады. Мойындау керек, халыққа бұл қалжың ұнайды. Біздің деңгей, талғам осы болып тұр. Талғамға талас жоқ. Осындай асабаға сұраныс та көп, – дейді ол.

Ертеректе асабаның той жүргізу мәнерін көзбен көріп, сөз саптауын құлақпен естіп, елмен қалай тіл табысатынына қарап барып таңдайтын. Яғни асабаның абыройын алдымен ел бағалайтын. Ал бүгінде бәрі басқа. Асабалардың дені әлеуметтік желіде өзін жақсы жарнама жасайды. Бас-басында мобилографы бар, видеографы түсіреді, монтажын жасайды, музыкасын қояды. Бір минуттық роликке жұрттың күлгенін де, дуылдатып қол соққанын да, асабаның сахнадағы қызу қимылын да сыйғызады. Сөйтіп, «тойды дүркіретіп өткіздік» деген әсерлі бейне дайын болады. Той иесінің «білмей қалдық» деп бармақ тістеп қалатынының бір себебі де осы болу керек.

Бүгінде «бір-екі өлең, бірнеше нақыл сөз жаттап алсам болды, той басқара аламын» деп жүргендер де бар. Кеше бір жерде айтылған әзілді бүгін басқа ортаға сол қалпында сүйреп әкелу – асабалық өнер емес, жаттанды әдетке айналды. Әр шаңырақтың қуанышы әртүрлі, әр тойдың өз тынысы бар. Сондықтан ел алдына шыққан асаба әр тойға жаңаша дайындалып, сөзін де, әзілін де сол ортаға қарай ыңғайлай білуі керек. Өйткені бір сарынды сөз, жаттанды қалжың, қайталана беретін ойын асабаның беделін өсірмейді. Керісінше, ізденістің аздығын аңғартып, шығармашылықтың көшін кері сүйрейді. Асабалықты кәсіп еткен адамға көп оқу, іздену, көргенін көңілге тоқу, сөз қорын байыту ауадай қажет. Себебі халық алдына шыққан сайын оның әзіл-қалжыңы ғана емес, білімі мен ой-өрісі қатар сыналады.

Жауапкершілікті сезініп, шеберлігін шыңдап жүргендер де жетеді. Бұндай азаматтар кейде той иесінің жағдайына да қарамай, бар өнерін ортаға салып, шаңырақтың кем-кетігін білдіртпей жібереді. Дастарқаны жұқалау жайылған немесе басқа да өзіне тән қиындығы бар тойдың өзін сөз саптауы мен жүргізу шеберлігі арқылы ажарландырып, елдің назарын қуанышқа бұра алады. Міне, мұндайда асабаның нағыз өнер иесі екені көрінеді.

Өзін «адуынды асабамын» деп асыра бағалап, даңғазаны дарақылықпен шатастыратындар да жоқ емес. Дастарқаны жайнап, асып-тасып жасалған тойдың, өзге шаруасы да орнықты шаңырақтың қуанышын кейде бір өзі-ақ астан-кестең етіп жібереді. Тойдың ажарын ашып, көркін қыздырудың орнына, орынсыз әзіл, жөнсіз ойынмен берекесін қашырады. Осындайда асабалықтың қадірін емес, қарадүрсіндік пен жауапсыздықтың салмағын көріп, бұл қауымға көңілдің тола қоймайтыны тағы рас.

Санат Нұрбайдың айтуынша, бұрынғы дәстүр мен бүгінгі сөз саптауын сабақтастыра білетін асаба көп.

Халықтың талғамы жоғары болса, соған сай асабаның да деңгейі көтеріледі. Шешендік өнерді әдебиетпен ұштастырып, сөздің парқын білетін, ұлттық дәстүрді заманауи форматпен сабақтастыра алатын асабалар бізде жетерлік. Өйткені сұраныс бар жерде ұсыныс та болады. Кейде арзан әзіл мен даңғаза ойындарға асабаның өзі емес, той иелерінің талабы себеп болады. «Жастар көп болады, ойын көбейтіңіз, шоу жасаңыз» деп асабадан мазмұннан гөрі даңғазаны талап ететіндер де бар. Шын мәнінде, асаба деген атқа лайық, аузы дуалы, сүбелі сөз айтатын азаматтар аз емес. Олар ата-баба дәстүріне терең бойлап, әңгіменің тиегін әріден ағытып, көне мен жаңаны жарастыра біледі. Осындай асабалар көбейіп, ал халықтың талғамы биіктеген сайын тойдың да мәдениеті біртіндеп жоғарылай түсері сөзсіз, – дейді ол.

Орынды пікір. Мұның астарында бүгінгі кейбір асабалардың сөз саптауы жұтаңдап бара жатқаны аңғарылады. Ал сөз өнерін меңгеру үшін тек тілдің ұшқырлығы аздық етеді. Оқу керек, іздену керек, тыңдау керек, ой тоқу керек.

Шешендік деген сылдыр сөзді судай сапыру емес. Әр сөздің салмағын сезіну, әр сөздің орнын білу. Той үстінде ауызға келгенді айту әлбетте – шешендік емес. Керісінше, қай жерде тоқтау керегін, қай жерде бірауыз сөздің өзі артық екенін білу – үлкен мәдениет.

Тағы бір көзге ұрып жүрген әдет – той басталмай жатып шапалақ сұрау, той бойы «қол соғыңыздар», «айқай қайда?» деп жұртты қайта-қайта дүрліктіру. Егер асабаның сөзі елдің көңіліне қонып, жүргізу мәнері көпшілікке ұнап жатса, халықтың өзі-ақ қошеметсіз қалдырмайтыны анық. Бір сәтке асын ысырып қойып, асабаға құлақ түріп, қол соғады емес пе?! Ал «Ағайын, айқай-шу қайда?» деген сөздің өзі қазақы ұғымда жақсы мағына бермейді. «Айқай шықты», «шу шықты» дегенде халқымыз әдетте дау-дамай мен ұрыс-керісті меңзеген. Демек, бірауыз сөздің өзін айту үшін оның мағынасына үңіліп, байыбына барған жөн сияқты.

Беташар – қазақтың ғасырлар қойнауынан жеткен, мәні мен мағынасы терең, келінге өсиет айтатын әдемі дәстүр. Алайда осы бір қасиетті салттың қадірін кетіріп жүргендер көп. «Өз руыңды айт, мына рудың адамдары қол көтерсін!» деп буынсыз жерге пышақ ұратын асабалар да бар. Мұндайда екі жасқа тілек айтып, қуанышқа ортақтасып отырған елдің арасына ру бөлінушілігін тықпалаудың қажеті қанша? Беташар – елді руға бөліп, арасын алшақтату емес, жаңа түскен келінді жаңа әулетімен табыстыру емес пе?! Қала берді тойға келген адамдардан қайта-қайта ақша сұрау сәнге айналғандай. Құдды бір қайыр сұрағандай әсер қалдырады. Әркімнің қалтасында тауып қойған қомақты қаражаты бола бермейді. Аға-апалардың елдің көзінше ақша сұралғанда қиналып, қысылып тұрғанын тойға барғанда көзіміз көріп жүр.

Осы уақытқа дейін жүзге жуық келіннің бетін ашқан Жайдар Байтақ беташардың шоуға айналып кеткенін ашып айтты.

Соңғы жылдары келіннің сәлемін де, беташардың өзін де бастапқы мәнінен алыстатып алдық. Келіннің сәлемі – асабаның ермегі емес. Кейде бір сәлемнің өзі мың сәлемге татиды. Көп ақша салған адамды қайта-қайта атап, келінді қайта-қайта иілдіру көбейіп барады. Бұл – беташардың тәрбиелік мәніне сай емес. Адамның қалтасындағы қаражатын қайта-қайта қағуға тырысу да қазақтың қонақжайлық дәстүріне жараспайды. Бұған қоса, келіннің жаңа әулетке бейімделуі, сол әулеттің үлкен-кішісін тануы, әрқайсысының орнын білуі де беташарда айтылған өсиет арқылы қалыптасады. Беташарды барынша қазақы сарынмен, халықтың көңіліне жылы тиетіндей етіп өткізген жөн. Беташар – шоу емес, ол – дәстүр. Оның өзегінде келінге өсиет, үлкенге құрмет, жаңа ортаға таныстыру деген тәрбие жатыр. Сондықтан оның мағынасын заманауи әуенмен, орынсыз ән-күймен көмескілендіріп алмайық. Өсиет айтылатын жерде өсиет, өнеге айтылатын жерде өнеге болғаны дұрыс. Біз «заманауи боламыз» деп жүріп, өткенімізді, ұлттық болмысымызды ұмытып қалмауымыз қажет. Заманауилық – дәстүрден бас тарту емес. Керісінше, салт-дәстүрді бүгінгі заманмен сабақтастыра білу, – дейді ол.

Шынында да келіннің бетін ашу – біреудің қалтасын қағу емес. «Әкел, әкел, тағы шығар» деп елді қыса беру – асабаның абыройын асырмайтынын түсіну керек сияқты.

Сонымен асаба – тойдың сәні ме, әлде сынағы ма? «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы» дейді Абай атамыз. Бұл сөздің асабаға да қатысы бар. Асабаның әр сөзі алқалы топтың көңілін табатындай, әрбір орамды ойы елдің есінде қалатындай болса ғанибет емес пе?! Ол үшін тек микрофон ұстау аздық етеді. Сөздің қадірін білу, халықтың қалпын сезіну, үлкеннің алдын, кішінің жөнін аңғару қажет.

Той тізгінін кім-көрінгенге ұстата салу да дұрыс емес. Өйткені асаба – жай ғана жүргізуші емес. Ол сол кештегі сөздің де, әзілдің де, ойынның да бағытын айқындайтын адам. Сондықтан асабаның басты мақсаты – жұртты қайтсем күлдіру емес, күлдіремін деп бүлдіріп алмау. Көңіл көтеремін деп көңіл қалдырмау. Сөз айтамын деп сөзге қалмау.

Мақпал ӘДІЛХАН

Қатысты жаңалықтар

Әдетім – әлегім

Әдетім – әлегім

Бүгін, 15:49
Ұтамын деп ұяттан безбе, асаба!

Ұтамын деп ұяттан безбе, асаба!

Бүгін, 14:00
Жетісуда халықты спорт инфрақұрылымымен қамту деңгейі 70,5%-ға жетті: Алакөл ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Жетісуда халықты спорт инфрақұрылымымен қамту деңгейі 70,5%-ға жетті: Алакөл ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Бүгін, 13:13
Алакөл ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Алакөл ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Бүгін, 13:11
Жаны жұмсақ, жүрегі жомарт

Жаны жұмсақ, жүрегі жомарт

Бүгін, 13:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.