Талдықорған: +8°C
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жалған хабарламалар мен фейк жаңалықтар: Ресми органдар мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:51
КҮНДЕРЕК
Жалған хабарламалар мен фейк жаңалықтар: Ресми органдар мәлімдеме жасады
WhatsAppTelegramFacebook

Интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттың таралуы қоғамда абыржу туғызып, азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

2026 жылдың 1-15 қазан аралығында құзыретті мемлекеттік органдар мен тиісті мекемелер ел ішінде қызу талқыланған бірқатар жалған ақпарат, фейк және манипуляциялық хабарламалар бойынша ресми мәлімдеме жасады. Қоғамдық медиа сауаттылықты арттыру мен заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында ресми органдар таратқан мәліметтер толықтай сұрыпталды.

Алматы қаласының инфрақұрылымына қатысты «Алматының су құбыры мен кәріз шаруашылығы бөгде компанияның басқаруына беріледі» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. «Алматы Су» МКК ресми мәлімдемесінде кәсіпорынның штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын, қаланың сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің операторы болып қала беретінін хабарлады. Нысандарды өзге ұйымдарға беру жоспарланбаған.

Әскери салада да бірқатар манипуляциялар тіркелді. Мессенджерлерде компьютерлік клубтарға келушілерді рейдтер туралы хабарлайтын Telegram-боттарға шақырған хабарламалар тарады. ҚР Қорғаныс министрлігі азаматтарды әскерге шақыру электрондық форматта, SMS-хабарламалар мен eGov жеке кабинеті арқылы заңды жүргізілетінін ескертті. Сондай-ақ әскери оқу-жаттығудан кейін техникалардың орналасу орнына оралмағаны туралы фейк теріске шығарылды. Қорғаныс министрлігі 2026 жылғы 6 қазанда оқу-жаттығу аяқталған соң барлық техника тұрақты орналасу пунктеріне толық қайтарылғанын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау саласында Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында болған өртке қатысты қауесеттер тараған еді. Денсаулық сақтау министрлігі өрттен мамандандырылған зертханалардың зақымданбағанын, жұмыс бөлмелеріне от тимей, герметикалығы толық сақталғанын жеткізді. Ішкі істер министрлігі болса, азаматтарға бір рет берілетін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қайта өзгерту мүмкін емес екенін ескертті.

Шымкентте өнерпаз Қайрат Нұртастың концертінде бірнеше адам қайтыс болып, 100-ден астам көрермен жараланды деген хабарлама да өтірік болып шықты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы концерт кезінде медициналық көмекке небәрі 8 адам жүгінгенін растады. Тексеруден соң 7 көрермен үйіне жіберіліп, түрлі жарақат алған 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетерлігі, осы кезеңде әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқаны үшін 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзған тұлғаларға қатысты заңнамалық ықпал ету шаралары қолданылды. Мессенджерлердегі кез келген хабарламаға сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйену өңірдегі әлеуметтік тұрақтылық пен жеке қауіпсіздіктің басты кепілі. Жетісу тұрғындары мен барша оқырмандарды медиа сауаттылықты сақтап, тек тексерілген жаңалықтарды бөлісуге шақырамыз.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 5 ауыл табиғи газға қосылды

Жетісуда 5 ауыл табиғи газға қосылды

Бүгін, 15:52
Қазақстанда 200-ден астам адам жәрдемақыдан бас тартты

Қазақстанда 200-ден астам адам жәрдемақыдан бас тартты

Бүгін, 15:47
Талдықорған тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфирі үшін айыппұл арқалады

Талдықорған тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфирі үшін айыппұл арқалады

Бүгін, 15:43
«АЙҚАП» журналының ұлттық сананы оятудағы рөлі

«АЙҚАП» журналының ұлттық сананы оятудағы рөлі

Бүгін, 14:25
Бейбіт Исабаев Алкөл ауданы тұрғындарымен кездеседі

Бейбіт Исабаев Алкөл ауданы тұрғындарымен кездеседі

Бүгін, 12:08

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.