Жетісу облысының Панфилов ауданындағы бес ауылды газдандыру жұмыстары аяқталды. Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарында табиғи газды бастапқы қосу рәсімі өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы «24KZ» сайтына сілтеме жасап.
Жоба аясында 302 тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Ол үшін 52,8 шақырым газ құбыры тартылып, бір газ реттеу пункті және бес шкафтық газ реттеу пункті орнатылды.
Аталған елді мекендерді газбен жабдықтау көзі ретінде Панфилов ауданындағы «Жаркент» автоматтандырылған газ тарату станциясы пайдаланылды. Станцияның қуаты қосылған үйлерді тұрақты табиғи газбен қамтамасыз етуге жеткілікті.
Бес ауылды газдандыру – Жетісу облысында газ инфрақұрылымын кеңейту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыстың Кербұлақ ауданындағы тоғыз елді мекен де табиғи газға қосылды.





