Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия пара ойындарында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді.
Нұршат Төлеуқасым пен Темірлан Сеиткамал садақ атудан W1 санаты бойынша командалық сайыста күміс жүлдеге ие болды!
Бұл – Қазақстан пара садақ ату тарихындағы Азия ойындарынан еншілеген алғашқы жүлде!
Спортшыларымыздың бұл жетістігі – табандылықтың, қайсарлықтың және тынымсыз еңбектің жемісі. Қазақстан пара спортының тарихында жаңа белес бағындырылды!





