Талдықорған: +10°C
$ 450.69
€ 505.04
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Саялы саябақ сән түзеді

Бүгін, 11:39
ЖАҢАЛЫҚТАР
Саялы саябақ сән түзеді

Қанат Өмірәлинов

WhatsAppTelegramFacebook

Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» бағдарламасына сәйкес Қаратал ауданының қара шаңырағы Үштөбе қаласында тарихы терең, келбеті келіскен орталық саябақ ел игілігіне берілді. Көркіне көз тойдыратын көрікті мекеннің жаңғыруы қала жұртына мерекелік тарту болып, туған жердің ажарын ашқан игілікті істің шырайын кіргізді.

Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ұлан Досымбеков қатысып, қараталдықтарды қуанышымен құттықтады. Жиын барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың құттықтау хаты оқылып, ақсақалдар ақ батасын берді. Шашу шашылып, ақжарма тілектер айтылған соң, жұртшылық жаңарған саябақты аралап, ел игілігіне ұсынылған нысанның сән-салтанатына қанықты.

Сонау 1936 жылы іргесі қаланған саябақтың шежіресі Үштөбенің өсіп-өркендеуімен өзектес. Кешегі балалық шақтың балдәуренін, талай ұрпақтың думанды күндері мен тәтті естеліктерін қойнына бүккен саялы мекен 2015 жылы соңғы мәрте жаңартылған еді. Араға 10 жылдан астам уақыт салып, қайта түлеген тынығу орны бүгінгі заманның талғамына сай ажарланып, бұрынғы бедеріне жаңа сипат қосты. Жалпы аумағы 6,6 гектарды алып жатқан саябақтың әрбір бұрышы елдің еңсесін көтеріп, қала көркін кіргізуге лайықталған.

Жаңғырту жұмыстарының түпкі мұраты – тұрғындарға жайлы орта қалыптастырып, үлкеннің тынығуына, баланың асыр салып ойнауына, жастардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау. Осы мақсатта спорт алаңдары мен балалар ойын аймақтары жасақталып, мәдени-көпшілік шараларға арналған амфитеатр бой көтерген. Сәулеттік нысандар мен субұрқақтар да саябақтың сәнін келтіріп, серуендеушілерге шуақты көңіл күй сыйламақ. Бір кездері талай жанның табаны тиген таныс соқпақтар енді жаңа кейіпке еніп, қала тұрғындарының қайта қауышар құтты мекеніне айналды.

Осындай көрікті саябақтың қайта жаңғырып, ел игілігіне берілуі көңілге қуаныш ұялатады. Қала көркейсе, халықтың да еңсесі көтеріледі. Мұндай орындар үлкенге сая, кішіге ойын алаңы болып, ағайынның басын қосады, – дейді үштөбелік Дәулет Ұзақбай.

Шынында, елді мекеннің ажары асқақ ғимараттармен ғана емес, жұртшылықтың бас қосып, тынығуына қолайлы орта қалыптастырумен де өлшенеді. Саябақтың саясы кеңейіп, айналасы ажарланған сайын қаланың да шырайы кіріп, тұрғындардың туған жерге деген ықыласы арта түспек.

Үштөбенің түлеп, түрленгенін талай жылдан бері көзбен көріп келе жатқан Көппай Акимов та жаңарған саябаққа сүйсінісін білдірді. Өмірінің елеулі кезеңін осы өңірде өткізіп, осында еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ақсақал үшін бұл мекеннің орны бөлек.

Бала күнімнен осы саябақты жақсы білемін. Кезінде өзіміз де осында жүрдік. Енді қаламыздың өсіп, өркендеп, осындай көрікті орындардың қатары көбейіп келе жатқанына қуанамыз. Бала-шағамыз бен немерелеріміз осында ойнап, қызыққа кенелсе дейміз. Ең бастысы, жұртшылық тазалықты сақтап, айналаны күтіп-баптап, кейінгі ұрпаққа аманат етсе екен, – дейді ол.

Ақсақалдың тілегі – көптің көкейіндегі ой. Өйткені, ел игілігіне салынған әрбір нысанның ғұмыры оны күтіп-баптаған жұрттың жауапкершілігіне байланысты. Осыны ескерген құрылыс жұмыстары барысында саябақ аумағын көгалдандыруға, жасыл желек қорын молайтуға айрықша мән берілген. Түрлі ағаш көшеттері мен өсімдіктер отырғызылып, олардың бабын табу үшін тамшылатып суару жүйесі енгізілген. Мұның өзі су қорын ұқыпты жұмсап, көк желектің жайқалып өсуіне мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» бастамасының да түпкі мәні осында. Туған өлкенің топырағын түлетіп, көшесін көріктендіру, табиғатты аялау мен тазалықты тұрмыс салтына айналдыру – ортақ міндет. Осы тұрғыдан алғанда, орталық саябақтың жаңғыруы Қаратал ауданының сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың жайлы тынығуына, отбасылық серуеніне және салауатты өмір салтын ұстануына жол ашатын маңызды қадам.

Айта кетейік, биыл Үштөбе қаласының құрылғанына 65 жыл толып отыр. Мерейлі белес қарсаңында елдің еңсесін көтеріп, шаһардың шырайын ашқан саябақтың қайта жаңғыруы – тұрғындарға жасалған лайықты тарту. Тарихы терең, тағылымы мол мекеннің қайта түлеп, жаңа дәуірге қадам басуы мерейтой думанына да сән қоспақ

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Үштөбе қаласы

Қатысты жаңалықтар

Тарихи жеңіс. Қазақстан пара садақ атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері

Тарихи жеңіс. Қазақстан пара садақ атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері

Бүгін, 12:04
Жетісуда түнгі рейд кезінде 3 дүкеннен заң бұзушылық тіркелді (+видео)

Жетісуда түнгі рейд кезінде 3 дүкеннен заң бұзушылық тіркелді (+видео)

Бүгін, 11:42
Саялы саябақ сән түзеді

Саялы саябақ сән түзеді

Бүгін, 11:39
Жетісуда дайын құжат жеткізу қарқынды

Жетісуда дайын құжат жеткізу қарқынды

Бүгін, 11:34
«Жетісу-Семиречье» базары сүріліп жатыр

«Жетісу-Семиречье» базары сүріліп жатыр

Бүгін, 11:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.