Талдықорған: +11°C
$ 448.61
€ 503.83
₽ 5.48
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік

Бүгін, 11:29
КҮНДЕРЕК
Ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистиканың бүгінгі міндеті – ақпарат тарату ғана емес, оның шынайылығына кепіл болу. Жасанды интеллектінің мүмкіндігі кеңейіп, ақпарат тарату арналары күн сайын жаңарып жатқан кезеңде кәсіби журналистің жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түсті. Осы өзекті мәселелер Астанада өткен X халықаралық Astana Media Week апталығында кеңінен талқыланды.

Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылған ауқымды шара отандық және шетелдік медиа өкілдерін, журналистерді, медиаменеджерлерді, технология саласының мамандары мен сарапшыларды бір алаңға тоғыстырды. Биыл оныншы рет өткізілген медиаапталықтың басты тақырыбы – «MEDIA. HUMAN. AI: 10 жылдық трансформация. Сенімнің жаңа архитектурасы». Бұл атаудың өзінен бүгінгі журналистика алдында тұрған негізгі міндеттер айқын көрініс тапқанын байқауға болады.

Медиафорумның мәні де осында: технологияны игере отырып, адамдық өлшемді, кәсіби ұстанымды және қоғам сенімін сақтап қалу. Медиаапталықтың пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов отандық медиасаланың соңғы он жылдағы өзгерістеріне, жасанды интеллектінің ақпарат кеңістігіне ықпалына және журналистикадағы жауапкершілік мәселесіне тоқталды. Бүгінде ақпарат тұтыну тәсілі түбегейлі өзгерді. Бұрын оқырман газет-журналдан, көрермен теледидардан жаңалық күтсе, бүгінде ақпарат әлеуметтік желілер, мессенджерлер, интернет платформалары арқылы жедел таралады. Алайда ақпараттың жылдамдығы оның шынайылығына әрдайым кепіл бола бермейді.

Қанат Ысқақовтың пайымдауынша жасанды интеллект ақпарат іздеуге, мәтінді өңдеуге, аударуға және түрлі мазмұндағы материалдарды әзірлеуге мүмкіндік бергенімен, жалған ақпараттың таралуы, жеке деректердің қауіпсіздігі сияқты мәселелерге де назар аудару қажет. Осы ретте кәсіби журналистиканы нығайту, жарияланған ақпарат үшін адамның жауапкершілігін сақтау және технологияны қауіпсіз пайдалану – сенім қалыптастырудың негізгі шарттары.

Бірінші вице-министр технологиялық мүмкіндіктердің артуы журналистің жауапкершілігін төмендетпейтінін, керісінше, күшейте түсетінін атап өтті. Өйткені нейрожелі ұсынған мәтіннің өзі дайын әрі тексерілген ақпарат деген сөз емес. Оның мазмұнын саралау, деректерді салыстыру, ақпарат көзінің сенімділігін анықтау және жариялаудың салдарын бағалау – кәсіби маманның міндеті. Бұл қағида әсіресе ақпараттың санаулы минуттарда мыңдаған адамға тарайтын қазіргі кезеңде маңызды. Бір ғана тексерілмеген дерек қоғамда түсінбеушілік туғызып, адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Сондықтан технологияны меңгерумен қатар, журналистің сын тұрғысынан ойлау қабілеті мен кәсіби әдебі де қатар дамуы керек.

Медиафорумда сөз болған маңызды мәселелердің бірі – жасанды интеллектіні журналистің күнделікті жұмысына тиімді енгізу. Танымал тележурналист Ләззат Танысбай да жаңа технологиядан қашпай, оның мүмкіндіктерін үйреніп, кәсіби қызметке дұрыс пайдаланудың маңызын атап өтті. Жасанды интеллектіні сауатты қолдана білген журналист уақытын үнемдеп, ақпаратты өңдеу, материалды жүйелеу, аудару және жаңа форматтағы контент әзірлеу жұмысын жеңілдете алады. Дегенмен технологияны пайдалану мен оған толықтай тәуелді болудың арасы алшақ. Нейрожелі журналистің жұмысын жеңілдеткенмен, оның өмірлік тәжірибесін, қоғамды тануын, адаммен тіл табысу қабілетін және оқиғаның астарына үңілу дағдысын алмастыра алмайды. Ләззат Танысбайдың сөзінше, беделді ақпарат көзі мен кәсіби журналист бар жерде адам еңбегінің құндылығы сақталады. Бұл – бүгінгі журналистер үшін маңызды бағдар. Технологияны игеру заман талабына айналғанымен, журналистің негізгі капиталы – білімі, тәжірибесі, адалдығы мен аудитория алдындағы беделі. Шын мәнінде, жасанды интеллектіні меңгеру журналисті өз кәсібінен алыстатпайды. Керісінше, оны жаңа мүмкіндіктерге жетелейді. Бірақ қандай құрал қолданылса да, дайын материалды тексеру, деректердің дұрыстығына көз жеткізу және жарияланатын мәтіннің мазмұнына жауап беру міндеті журналистің өзінде қалуы тиіс.

Медиаапталықтың тақырыптары мен талқылаулары өңірлік басылымдардың болашағы туралы да ойлануға жетелейді. Бүгінде цифрлық кеңістікке бейімделу, ақпаратты жедел жеткізу, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу және оқырман назарын сақтау – жергілікті редакциялар үшін де маңызды. Алайда өңірлік журналистиканың ерекшелігі тек жаңалықты бірінші болып жариялаумен өлшенбейді. Өңірлік басылым – белгілі бір аймақтың тыныс-тіршілігін, халықтың мұң-мұқтажын, елді мекендердің жетістігін, еңбек адамдарының өнегесін және қоғамдағы өзгерістерді тұрақты түрде көрсететін ақпарат алаңы. Шалғай ауыл өмірін, қарапайым адамның тағдырын, жергілікті бастамалар мен өзекті мәселелерді терең білетін журналистің материалы өз оқырманы үшін әрдайым құнды. Сондықтан жаңа технологияларды меңгеру өңірлік журналистиканың дәстүрлі міндеттерінен бас тарту дегенді білдірмейді. Керісінше, қалыптасқан тәжірибені заманауи мүмкіндіктермен ұштастыруға жол ашады. Мәселен, газетте жарияланған көлемді мақаланы цифрлық форматқа бейімдеу, сұхбатты әлеуметтік желіде қысқа бейнематериал ретінде ұсыну, деректерді көрнекі түрде көрсету немесе қазақ тіліндегі сапалы контентті кең аудиторияға жеткізу – оқырманмен байланысты нығайтудың тиімді жолдары. Сонымен бірге өңірлік журналистің басты артықшылығы – өз ортасын жақсы білуі, кейіпкерімен тікелей байланыс орнатуы және жергілікті мәселенің мәнін терең түсінуі. Жасанды интеллект деректерді өңдеуге көмектескенімен, ауылдағы ағайынның көңіл күйін, еңбек адамының жан дүниесін, ел ішіндегі мәселенің түпкі себебін журналистің орнына толық тани алмайды. Осы тұрғыдан алғанда, технологиялық жаңғыру мен ұлттық журналистік дәстүр бір-біріне қарсы емес. Екеуін ұштастыра білген редакция ғана заман талабына сай дамып, өз оқырманының сенімін сақтай алады.

Сенім – журналист беделінің өлшемі. Форум барысында ақпараттың шынайылығы, цифрлық қауіпсіздік, аудиторияның өзгерген талғамы және медиаплатформалардың жауапкершілігі де назардан тыс қалған жоқ. Euronews, Meta, Q.AI және өзге де халықаралық әрі отандық ұйымдардың өкілдері қатысқан кездесулер медиа саласындағы өзгерістердің ауқымын аңғартты.

Медиаапталықтың тағы бір маңызды бағыты – Орталық Азияның халықаралық ақпарат кеңістігіндегі орнын нығайту. «Central Asia in English» редакциялық зертханасы аясында аймақтың тыныс-тіршілігін шетелдік аудиторияға жеткізу, халықаралық медиада өңірлік тақырыптарды ілгерілету және кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды.

Бұл бағыт Қазақстан журналистикасы үшін де маңызды. Еліміздің жетістіктерін, мәдениетін, қоғамдық өмірін және аймақтардың әлеуетін әлемге таныту үшін сапалы контент пен кәсіби шеберлік қажет. Ал мұндай жұмыстың негізінде нақты дерекке сүйену, тақырыпты терең зерттеу және оқырманға түсінікті тілмен жеткізу қағидалары тұруы тиіс. Форумда креативті индустрияларды дамыту, жарнаманың жаңа үлгілері мен ақпараттық саясат мәселелері де талқыланды.

Медиапаталық Qazaqstan Media Awards марапаттау рәсімімен қорытындыланды. Биылғы шараның ерекшеліктерінің бірі – ұлттық «Тұмар» және «Үркер» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау болды. Бұл – журналистердің шығармашылық ізденісін бағалап, кәсіби еңбекті ынталандыруға бағытталған маңызды қадам. Астанадағы медиаапталықтың негізгі мазмұнын бір ғана оймен түйіндесек, технология қанша дамыса да, журналистиканың өзегінде адам мен шынайы ақпарат қалуы керек. Бүгінгі журналист тек оқиға туралы хабарлап қана қоймай, оның мәнін түсіндіруге, деректерді саралауға, қоғам үшін маңызды мәселелерді көтеруге және жалған ақпараттың алдын алуға ұмтылуы қажет. Ол үшін жаңа құралдарды меңгеру де, кәсіби білімді үнемі жетілдіру де маңызды. Әсіресе өңірлік журналистикада тәжірибе мен жаңашылдықтың сабақтастығы қажет. Жылдар бойы қалыптасқан кәсіби мектепті сақтай отырып цифрлық мүмкіндіктерді игеру – жергілікті басылымдардың болашағына жол ашатын бағыттардың бірі.

Astana Media Week аясындағы пікір алмасулар мен тәжірибе бөлісу кездесулері медиа саласының алдында тұрған міндеттердің ортақ екенін көрсетті. Ақпараттың жылдамдығы арта береді, жаңа технологиялар да жетіле түседі. Ал журналистің қоғам алдындағы жауапкершілігі өзгермейді. Өйткені оқырманға ең керегі – көп ақпараттың ішінен шындықты табу. Сол шындықты сүзгіден өткізіп, адалдықпен жеткізе білу – кәсіби журналистиканың басты міндеті.

Гүлжан ТҰРСЫН
Астана қаласы

Қатысты жаңалықтар

Ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік

Ақпарат дәуіріндегі жауапкершілік

Бүгін, 11:29
Жаңа баспанаға қол жеткізді

Жаңа баспанаға қол жеткізді

Бүгін, 11:26
Жүйелі жоспар нәтижелі жұмысқа бастайды

Жүйелі жоспар нәтижелі жұмысқа бастайды

Бүгін, 11:24
Бас прокуратурада балалардың қауіпсіздігі және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Бас прокуратурада балалардың қауіпсіздігі және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі отырысын өткізді

Бүгін, 10:37

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.